Астанада Сығанақ көшесінде асфальттың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты 3-4 шілде аралығында Мәңгілік Ел жолайрығынан Ақмешіт көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Астанада қай көшелер жабық?
Қазір елордада бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты мына учаскелерде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілген:
- Сауран көшесінің Алматы көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі 30 шілдеге дейін толық жабық;
- Төле би көшесінің Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігі 5 шілдеге дейін жабық;
- Тілендиев даңғылының Айналмалы көшесінен Орталыққа дейінгі бөлігі 6 шілдеге дейін жабық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!