Алматыда 200-ге жуық автокөлік тексерістен өтпеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 200-ге жуық автокөлік тексерістен өтпеді Фото:depositphotos.com

Алматыда бір ай ішінде зиян қалдықтар мөлшері нормадан асқан 200-ге жуық автокөлік анықталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Алматыда бір ай ішінде зиян қалдықтар мөлшері нормадан асқан 200-ге жуық автокөлік анықталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда 1-29 маусым аралығында жылжымалы экологиялық зертханалар 778 автокөліктің газдарындағы уыттылық пен түтіндеу деңгейінің нормаларға сәйкестігін тексерді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС хабарлады.

Тексеру жұмыстары қаладағы ауаның ластануын азайту жөніндегі іс-шаралар аясында Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде 194 көлікте экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 106 – бензин қозғалтқышымен жүретін көлік, 86 – дизель қозғалтқышымен жүретін көлік, 2 – газбен жүретін көлік.

"Eco Almaty" өкілдері мәліметінше, мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар қаладағы атмосфералық ауаның негізгі ластаушы көздерінің бірі саналатын автокөліктерден шығатын зиян заттарды азайтуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі.

Қазіргі уақытта жылжымалы экологиялық зертханалардың жұмысы жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыз: Ескі көліктер Алматы орталығына кіргізілмей ме: LEZ сынағына қатысты не белгілі?