Медеуден "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына дейінгі жол учаскесінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы әкімдігі мәліметінше, жоба аясында 5,7 шақырым орта қысымды газ құбыры мен 2,7 шақырым кәріз желісін салу көзделген.
"Бұл жоба аталған бағыт бойында орналасқан нысандарды, соның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курорты аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Қазіргі кезеңде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр:
- газ құбырының алғашқы учаскелерін монтаждау;
- кәріз желілерін тарту және темірбетон құдықтарды орнату.
Фото: Алматы әкімдігі
Инженерлік желілер құрылысын 2026 жылы қарашаның соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Жұмыс жүргізілетін кезеңде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіліп, арнайы техникалар жұмыс істеуі мүмкін.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.
Еске сала кетейік, бұл көлік жүргізушілеріне қатысты жалғыз өзгеріс емес. Бұған дейін биыл 16 маусымнан бастап желтоқсанға дейін Медеу маңындағы тұраққа кіру уақытша шектелетіні хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: “Медеуге“ көлікпен кіруге шектеулер енгізілуі мүмкін
Қазақстанның үш облысында сел жүру қаупі жарияланды