Астаналық тұрғын сатып алған көлігінің ақауы үшін 10 миллион теңгесін қайтарып алды

Астаналық тұрғын сатып алған көлігінің ақауы үшін 10 миллион теңгесін қайтарып алды Фото:depositphotos.com

Астана тұрғыны ақауы бар автокөлік үшін ақшасын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengri Auto Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.

Астана тұрғыны ақауы бар автокөлік үшін ақшасын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengri Auto Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.

Не болды?

Астана бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне қала тұрғыны жүгінген. Ол автокөлікті 10 миллион теңгеге сатып алғанын, алайда оны пайдалану барысында "күрделі техникалық ақаулар" анықталғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, анықталған кемшіліктер көлікті қалыпты пайдалануға кедергі келтірген.

Заң не дейді?

Департамент мәліметінше, автокөлік техникалық жағынан күрделі тауарлар санатына жатады. Соған қарамастан, айтарлықтай ақаулар болған жағдайда тұтынушы келісімшартты бұзуып, ақшасын толық қайтаруды талап етуге құқылы.

Астана тұрғынына талаптарды негіздей отырып және заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, сотқа дейінгі шағым дайындауға көмек көрсетілген.

Кеңес беріліп, шағым жолданғаннан кейін дау сотсыз шешілді.

Сатушы қойылған талаптармен келісіп, сатып алушыға 10 миллион теңгені төлеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама