25 маусым 2026 14:20

Енді самокаттарға тротуар және жаяу жүргіншілер аймағында жүруге болмайды: заңға қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Самокаттар енді тротуармен жүре алмайды

Өзгерістердің бірі электрсамокаттардың қозғалысына қатысты. Енді олармен тротуар және жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады.

Реклама
Реклама

ІІМ мәліметінше, олар жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді.

2025 жылы елімізде электрсамокат жүргізушілерінің кінәсінен 139 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 149 адам жарақат алды.

Қазақстандағы самокаттарға қатысты мәселелер

Электрсамокаттар бұрыннан бері жаяу жүргіншілер үшін де, автокөлік жүргізушілері үшін де мәселеге айналды. 2024 жылдың өзінде қазақстандықтар ІІМ-нен оларды жалға беруге тыйым салуды сұраған болатын.

Сол кезеңде полиция статистикалық мәліметтерді ұсынды, соған сәйкес жыл басынан бері 28 мың электрсамокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Самокат мінушілерге салынған тыйымдар

  • Рөлді қолмен ұстамай жүруге (рөлді кем дегенде бір қолмен ұстау керек).
  • Жолаушы тасымалдауға.
  • Габаритті емес жүк тасуға (егер ол 50 сантиметрден астам шығып тұрса).
  • Трамвай жолдары бар немесе әр бағытта бір жолақтан көп жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға.
  • Сүйретуге немесе тіркемеде болуға (самокаттарға/велосипедтерге арнайы арналған тіркемелерден бөлек).
  • Жаяу жүргіншілер өткелінен самокатпен өтуге - самокаттан түсіп, оны қасында жетелеп өту керек.
  • Түнде жол бойында жарық шағылыстыратын элементтерсіз жүруге.
  • Жолдың жүру бөлігінде каска кимей жүруге.

Алматыда велосипед жолдары көбейеді

Ережелердің қатаңдатылуымен қатар, қалада инфрақұрылымды жақсарту, атап айтқанда велосипед жолдарының саны мен сапасын арттыру жоспарланған.

Қала әкімінің орынбасары Алмасхан Смалтаевтың айтуынша, қалада 22 500 самокат бар, олар күн сайын 100 000-нан астам сапар жасайды.

"Біз самокаттар үшін де, велосипедтер үшін де инфрақұрылым санын арттырамыз. Қаланың бүкіл орталығы қамтылады", - деп атап өтті Смалтаев.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 80–88 шақырым жаңа велосипед жолын сал жоспарланған.

Сондай-ақ қалада бағдаршамы бар велосипед жолдары пайда болады.

Бұған дейін Қазақстанда көлікті қыздыруға қатысты резонанс тудырған тыйым бойынша шешім қабылданғаны хабарланған болатын.

Пікірлерді оқу