Қазақстанда көлікті қыздыруға қатысты резонанс тудырған тыйым бойынша шешім қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлікті қыздыруға қатысты резонанс тудырған тыйым бойынша шешім қабылданды Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары ең көп талқыланған тыйымдардың бірі - елді мекендерде қозғалтқышты қыздыруға салынған шектеуді алып тастайтын заңға қол қойды. Тиісті норма "Жол жүрісі туралы" заңнан алынып тасталды, деп хабарлайды Tengri Auto.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары ең көп талқыланған тыйымдардың бірі - елді мекендерде қозғалтқышты қыздыруға салынған шектеуді алып тастайтын заңға қол қойды. Тиісті норма "Жол жүрісі туралы" заңнан алынып тасталды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Бұл тыйым қоғамда, әсіресе елдің солтүстік өңірлерінде үлкен наразылық тудырған болатын. Өйткені қақаған аязда бұрын рұқсат етілген бес минут ішінде көлікті қыздыру мүмкін емес еді. Түзетулер авторларының бірі, Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода заң жобасын таныстыру кезінде осы қоғамдық резонансқа тікелей сілтеме жасады.

Шектеу толығымен жойылады, тек бір жағдайды қоспағанда: тиісті жол белгісімен белгіленген тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосулы тұрған көліктердің тұруына салынған тыйым күшінде қалады.

Автомектептер тізілімі

Осы заң автомектептердің жұмыс моделін де толығымен өзгертеді. 2016 жылдан бері қолданылып келген хабарлама жасау тәртібінің орнына рұқсат беру жүйесі енгізіледі. Оқу ұйымы Ішкі істер министрлігі жүргізетін мемлекеттік тізілімге енгеннен кейін ғана жұмыс істей алады.

Тізілімге ену үшін автомектеп оқу-материалдық базасының, жеке оқу автодромының, басқару тетіктері сол жақта орналасқан оқу көліктерінің және білікті оқытушыларының бар екенін растауы тиіс. Заңда алғаш рет "оқу автодромы" ұғымы пайда болды - бұл нақты жол жүрісі жағдайларын имитациялайтын таңбалары мен белгілері бар, арнайы жабдықталған және қоршалған аумақ.

Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Тізілімнен шығарылған автомектеп басшысының бір жыл бойы басқа оқу ұйымы жұмысына қатысуға құқықа жоқ.

Автомектептердің, олардың оқытушыларының, көлік құралдарының және оқу топтарының есебі уәкілетті органның цифрлық жүйесіне көшіріледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 700-ден астам автомектеп жұмыс істейді.

Заң ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң өз күшіне енеді. Автомектептер мен тізілімге қатысты нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.