Жол ережесін өрескел бұзған кортеж: жүргізушілер мен жолаушылар қалай жазаланады?

Жол ережесін өрескел бұзған кортеж: жүргізушілер мен жолаушылар қалай жазаланады? Фото: jora_abramov/depositphotos.com

Жамбыл облысында үйлену тойы кортежі жол жүру ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасы қаупін тудырды. Tengri Auto осы оқиға үшін жүргізушілер мен жолаушыларға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін анықтады.

Жамбыл облысында үйлену тойы кортежі жол жүру ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасы қаупін тудырды. Tengri Auto осы оқиға үшін жүргізушілер мен жолаушыларға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін анықтады.

Үйлену тойы кортежінің жүргізушілері жол жүру ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған. Бейнежазбадан көліктердің бір-бірін озып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіргенін көруге болады. Сондай-ақ жолаушылар да ереже бұзып, терезеден бастарын шығарған.

Полиция бейнебақылау камералары көмегімен BMW, Toyota Camry, Mercedes, Mitsubishi автокөліктерінің жүргізушілерін анықтап, оларды жауапкершілікке тартты. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылған.

Реклама
Реклама

Кортеж қандай ережелерді бұзды?

Тұтас сызықты кесіп өту, қарсы жолаққа шығу

ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі: таңбалаудың тұтас сызығын кесіп өту (соның ішінде екі жолақты жолдағы дара сызықты да), ЖЖЕ бұза отырып қарсы бағытқа шығу (ҚР Жол жүру ережелерінің 11, 60, 71-тармақтары).

Жаза: көлік құралын басқару құқығынан 6 айға айыру. Бұл шара қолданылмайтын санаттар үшін (мысалы, кейбір мүгедектігі бар жандарға) – 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жаза бұдан да қатаң болады.

Жолаушыларға қозғалыс кезінде терезелер мен люктерден шығуға жол беру

ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-2-бөлігі (жүргізуші үшін): жүргізуші қозғалыстағы көліктің терезелерінен немесе люктерінен жолаушылардың шығуына (қолдарын, басын, денесін көлік жиегінен шығаруы) жол беріп, қауіпсіздікке қатер төндірді.

Жаза: жүргізушіге 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл.

Жолаушылар үшін: ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы, 5-бөлігі: терезеден шыққан әрбір жолаушыға 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл.

Апатты жағдай туғызу

ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі: кортеждің бейберекет қозғалысы, басқа көліктердің жолын кесу, бір-бірін озып өту және маневр жасау әрекеттері жол қозғалысының басқа қатысушыларын жылдамдықты немесе бағытты шұғыл өзгертуге мәжбүр етуі (ЖКО-ның нақты қаупі).

Жаза: 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда – көлік құралын басқару құқығынан 6 айға айырады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама