Бағаналардағы камералар жолдың үйреншікті бөлігіне айналғалы қашан, сондықтан жүргізушілердің көбі жылдамдықты қай жерде азайту керектігін жақсы біледі. Осыған байланысты жолдарда заңбұзушылықтарды анықтаудың жаңа әдістері пайда болып жатыр, солардың бірі – жасырын патрульдеу. Tengri Auto редакциясы бұл механизмді алдағы уақытта қалай дамыту жоспарланып отырғанын анықтады.

Жасырын патрульдеу сәуірде Алматыда енгізілген болатын, кейін камерамен жабдықталған көліктер басқа өңірлерде – Астана, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында жүре бастады.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдеу үшін автомобильдерге орнатылатын арнайы кешендер қолданылады. Олар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркеп, ақпаратты тікелей Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді.
Полицейлер ғана патрульдемейді
Бүгінде облыста осындай 11 кешен жұмыс істеп тұр. Оларды жеңіл көліктерге ғана емес, басқа да көлік түрлеріне орнатуға болады.
"Жүйенің ерекшелігі сол, жабдықты патрульдік автокөліктерге ғана емес, қоғамдық көліктер мен жедел медициналық жәрдем көліктеріне де орнатуға болады. Бұл күтпеген жағдай әсерін туғызып, жүргізушілерді тәртіпке салады, себебі ереже бұзушылар тіркеу кешендерінің нақты қай көлікке орнатылғанын және бақылаудың қай жерде жүргізіліп жатқанын білмейді", - деп атап өтті полиция өкілдері.
Айта кетейік, Алматы облысында жасырын патрульдер қазірдің өзінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 10 мыңға жуық дерегін анықтады.
Тағы оқыңыз: 20 балл және жүргізуші куәлігінен айыру: Қазақстанда жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
Пікірлерді оқу