09 шілде 2026 18:17

Қазақстандықтар ұзақ демалыста қайда барды: көлік ағыны көбейген тасжолдар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Елена Никитенко

Шілденің басындағы ұзақ демалыс күндері қазақстандық жолдар үшін нағыз сынақ болды. 4-6 шілде аралығында республикалық тасжолдарда 3,9 миллионнан астам жол жүру тіркелді, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ға сілтеме жасап.

Бұл статистика бірегей туристердің нақты санын көрсетпейді. Дегенмен демалыс күндері қай бағыттардың сұранысқа ие болғанын аңғартады.

Көлік ағыны бойынша Шымкент – Қызылорда учаскесі көш бастады. Үш күн ішінде бұл бағытта 442 056 жол жүру тіркелді. Оңтүстік бағыт дәстүрлі түрде ең қарқынды бағыттардың бірі саналады. Жаз мезгілінде мұнда қала арасындағы қатынас та, демалыс орындарына, саяжайларға, туыстарға және туристік маршруттарға баратын көлік легі де артады.

Жарнама
Жарнама

Екінші орынды Астана – Щучинс бағыты. Бұл учаскемен 386 164 автокөлік жүріп өткен. Бұл Бурабай елорда тұрғындары үшін демалыс күндеріндегі негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін көрсетеді.

Үштікті Тараз – Қайнар учаскесі түйіндеді, мұнда 324 863 жол жүру тіркелген. Сондай-ақ жүктеме артқан жолдар қатарында Шымкент – Тараз (303 800) және Шымкент – Өзбекстан шекарасы (269 750) бағыттары бар.

Алматыдан шығатын жолдарда да қозғалыс қарқынды болды. Мереке күндері Алматы – Қонаев тасжолымен 306 966 автокөлік жүрген.

Алматы маңындағы танымал демалыс бағыттарында да қозғалыс қарқыны жоғары болды. Алматы – Қонаев учаскесінде 306 966 жол жүру тіркелді. Сондай-ақ Алматы – Қорғас бағыты бойынша 197 499, Қонаев – Талдықорған учаскесінде 194 119 жол жүру тіркелді.

Елдің солтүстігі мен шығысында Астана – Теміртау (227 477), Астана – Павлодар (217 888) тасжолдары мен Павлодар – Семей – Қалбатау бағыттарында (үш күнде 198 930 көлік) көлік ағыны көп болды.

Мұндай статистика қазақстандықтар демалысқа автокөлікті жиі таңдайтынын көрсетеді. Қысқа мерзімді саяхаттар, көл жағасына, тауға және курорттық аймақтарға бару ұзақ демалыс күндерін өткізудің ең танымал форматтарының бірі болып қала береді.

Бұл статистика көлік жолдары ішкі туризмнің негізгі құралдарының бірі болып қала беретінін көрсетеді. Қазақстандықтар қысқа сапар, табиғат аясындағы демалыс, су жағасына бару және курорттық аймақтарға қатынау үшін жеке көлікті жиі таңдайды.

Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын бағытты алдын ала жоспарлап, көліктің техникалық күйін тексеру және жолдағы ықтимал кептелісті ескеру қажет екенін еске саламыз. Әсіресе, танымал бағыттарда көлік ағыны айтарлықтай артатын мереке күндері мұқият болған абзал.

Жылдамдық режимін сақтау, ауа райын бақылау және шаршаңқы күйде жолға шықпау өте маңызды. Ұзақ жолда бірнеше сағат сайын қысқа аялдама жасаған жөн: бұл шаршауды басып, рөлде зейін қоюға көмектеседі.

Тағы оқыңыз: Автосаяхатқа шығу: сапар сынаққа айналмас үшін маршрутты қалай жоспарлау керек?

“Айна әсері“: аптапта тасжолдарда қандай жасырын қауіп пайда болады?

Пікірлерді оқу