Неге қытайлық көліктер аңызға айналған еуропалық маркаларға ұқсайды: олардың дизайнын кім жасаған?

Неге қытайлық көліктер аңызға айналған еуропалық маркаларға ұқсайды: олардың дизайнын кім жасаған? Сурет: Tengri Auto

Қытай көліктерін еуропалық брендтермен салыстыру жиілеп кетті. Бірі оларды Porsche-ге ұқсатса, енді бірі BMW немесе Audi-ге ұқсатады. Мұндай әңгімелер әсіресе жаңа электркарларға қатысты жиі айтылады. Tengri Auto бұл кездейсоқтық па, әлде ұқсастық артында нақты адамдар тұр ма, соны анықтап көрді.

Қытай көліктерін еуропалық брендтермен салыстыру жиілеп кетті. Бірі оларды Porsche-ге ұқсатса, енді бірі BMW немесе Audi-ге ұқсатады. Мұндай әңгімелер әсіресе жаңа электркарларға қатысты жиі айтылады. Tengri Auto бұл кездейсоқтық па, әлде ұқсастық артында нақты адамдар тұр ма, соны анықтап көрді.

Zeekr

Zeekr дизайнына Стефан Зилафф жетекшілік етеді, ал оның мансабы кез келген автомобиль дизайнерінің арманы іспетті. Ол көп жылдар бойы Audi-де, кейін Bentley-де еңбек еткен. Зилафф "премиум интерьер" деп аталатын бағытта жұмыс істеген - бұл көлікке отырғанда бағасына қарамай-ақ, оның қымбат екенін бірден сезу деген сөз.

Реклама
Реклама

Дәл осы қолтаңба Zeekr-ден анық байқалады: айқын сызықтар, байсалды эстетика және ешқандай артық агрессия жоқ. Қымбат визуал - бұл неміс премиум мектебінің үлгісі.

Li Auto

Li Auto брендімен шығатын көліктердің сыртқы келбетіне Volkswagen Group-тан келген Бенджамин Баум жауапты. Егер Li Auto-ның неге соншалықты... байсалды әрі түсінікті көрінетініне таңғалсаңыз, міне, жауабы осы.

Volkswagen ондаған жылдар бойы отбасылық автомобиль формуласын жетілдіріп келеді: артық ештеңе жоқ, бәрі өз орнында, агрессия және әдеттен тыс ештеңе жоқ.

Баум бұл формуланы Қытайға әкелді және ол мұнда сәтті орнықты. Li Auto саудасына қарасақ, отбасылы сатып алушылар мұны жоғары бағалаған көрінеді.

Xiaomi

Бұл жерде оқиға тіптен қызық. Xiaomi SU7 дизайны Ли Тяньюань (экс-BMW) мен Фабиан Шмёльцтің ( экс-Lamborghini) қатысуымен жасалған. Екі түрлі бағыттағы мамандар - немістің инженерлік талғампаздығы мен италиялық мінез тоғысты.

Нәтижесін бәрі көріп отыр: SU7-ні үнемі Porsche-мен салыстырады. Бұл жай сәйкестік емес. Ұқсас пропорциялар, таныс силуэт, "таза" спорттық стиль - бұл көшірме емес, бұл білімі мен тәжірибесі бірдей адамдардың ортақ тілі.

Changan

Клаус Зициора - Volkswagen-нің бұрынғы бас дизайнері, қазір Changan-да дизайн бөлімін басқарады. Golf, Passat және ID желісіндегі электромобильдер сияқты дәуірдің танымал модельдеріне атсалысқан адам енді қытайлық көліктерді "сызып" жүр.

Оның қолтаңбасын тану оңай: қатаң геометрия, шанақтың айқын сызықтары, ешқандай декоративті артықшылық жоқ. Таза неміс мектебі - тек капотындағы эмблемасы басқа.

Geely

Кезінде Volvo-ның визуалды тілін түбегейлі жаңартқан дизайнер Питер Хорбериді бөлек атап өткен жөн. Geely құрылымына келген ол брендтің заманауи стилін қалыптастыруға көмектесті.

Оның ықпалы әлі күнге дейін Geely экожүйесіндегі көліктердің, соның ішінде әртүрлі атаулармен сатылатын модельдердің сыртқы келбетінен сезіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама