Павлодар облысында рөлде отырып телефон қолданатын жүргізушілерге бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысында рөлде отырып телефон қолданатын жүргізушілерге бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция мәліметінше, жыл басынан бері көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін 1571 жүргізуші жауапқа тартылған.
Полицейлер шұғыл қоңырауға жауап беру қажет болған жағдайда қауіпсіз жерге тоқтаған немесе hands-free гарнитурасын пайдалану керек екенін ескертеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, рөлде телефон қолдану жүргізушінің зейінін айтарлықтай төмендетіп, жол-көлік оқиғасының қаупін арттырады, сондықтан бұл жолдағы ең қауіпті факторлардың бірі саналады.
Камералар қауіпсіздік белдігі мен телефон ұстау дерегін тіркейді
Еске сала кетейік, 12 наурыздан бастап камералар ереже бұзудың жаңа түрлерін тіркей бастады, соның ішінде телефонмен сөйлесу мен қауіпсіздік белдігін тақпау да бар. Бұған дейін бұл деректер тек жеке анықталатын.
Бірінші айдың ішінде камералар қауіпсіздік белдігін тақпаудың 3 042 және рөлде телефон пайдаланудың 18 дерегін анықтаған.
Пікірлерді оқу