Қазақстанда 12 наурыздан бастап жолдардағы камералар жаңа заңбұзушылықтарды тіркей бастады, алғашқы айдың қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
ІІМ мәліметінше, жүйе іске қосылған сәттен бастап келесі заңбұзушылықтар анықталған:
- 5 мыңнан аса сақтандыру полисінің жоқтығы;
- 5,5 мыңнан аса техникалық байқаудан өтпеу жағдайы;
- қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 700-ге жуық ереже бұзу дерегі;
- сондай-ақ көлік тізгінінде ұялы телефон пайдаланудың 6 дерегі.
"Жүйенің мақсаты жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін түсіну маңызды. Азаматтардан заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарауды: сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеруді, техникалық байқаудан уақтылы өтуді және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз", - деді ІІМ өкілдері.
Рөлде телефонды қалай пайдалануға болады?
Бұған дейін полиция егер жүргізуші қозғалыс кезінде құрылғыны қолданбаса, ұстағышқа бекітілген телефонды навигатор ретінде пайдалануға рұқсат етілетінін түсіндірген болатын.
Сонымен қатар, заңнама заманауи байланыс технологияларын пайдалануға тыйым салынбаған, егер олар телефонды қолмен ұстауды талап етпесе.
Мұндай жағдайларға hands-free жүйелері, Bluetooth, автомобильдің штаттық мультимедиялық жүйелері, сондай-ақ дауыспен басқару функциясы жатады.
Естеріңізге сала кетейік, заң рұқсат берген жағдайларда жүйе автоматты түрде ескерту жасай алады. Мысалы, кептеліс тудырғанда немесе сыртқы жарық құрылғыларын дұрыс пайдаланбаған жағдайда.