Астана орталығында негізгі қиылыстардың бірі екі күнге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана орталығында негізгі қиылыстардың бірі екі күнге жабылады Фото:depositphotos.com

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы жабылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Бұл туралы жұма, 10 шілдеде қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысындағы жол төсемін жөндеп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған байланысты 11 және 12 шілдеде бұл учаске ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру ұсынылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылмақ.