Жаңа немесе жүрілген көліктер: Қазақстанда 2026 жылы 6 миллион теңгеге не сатып алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа немесе жүрілген көліктер: Қазақстанда 2026 жылы 6 миллион теңгеге не сатып алуға болады? Фото: depositphotos.com

6 миллион теңге бүгінде жаңа автомобиль сатып алу үшін қолайлы сома болып көрінбейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл ақшаға бірнеше бюджеттік модельдің арасынан таңдау жасауға болатын болса, қазір сатып алушы іс жүзінде жаңа көліктер нарығының шегінде қалып отыр. Сондықтан басты сауал туындайды: кепілдігі бар, бірақ қарапайым жиынтықтағы жаңа көлік алған дұрыс па, әлде класы жоғарырақ қолданылған нұсқаны іздеген жөн бе?


Tengri Auto 6 миллион теңгеге нақты не қарастыруға болатынын, ымыраға келу қай жерден басталатынын және қай модельдерді ерекше мұқият тексеру керектігін анықтап көрді.

6 млн теңгеге дейінгі бюджетте жаңа көліктерден не қалды?

Егер 6 млн теңгеге дейінгі бюджетті қатаң ұстанатын болсақ, 2026 жылы Қазақстанда жаңа автомобильдер таңдауы өте шектеулі. Бұрын бюджеттік деп саналған модельдердің көпшілігі бұл межеден асып кеткен.

Дилерлерден 6 млн теңгеге дейін не сатып алуға болады?

Ең қолжетімді ұсыныс болып LADA Granta Sedan қалды, оның бағасы 5 690 000 теңгеден басталады. Ал LADA Granta Лифтбэк сәл қымбатырақ түседі - 5 890 000 теңгеден бастап.

Сонымен қатар көрсетілген бюджет шеңберінде 5 990 000 теңгеге Chery Tiggo 2 Pro, сондай-ақ құны 5 990 000 теңгеден басталатын Geely Emgrand сатып алуға болады.

Ресми нарықтағы 6-дан 7 миллион теңгеге дейінгі ұсыныстар

Бюджетке тағы 500 мың – 1 миллион теңге қоссаңыз, таңдау айтарлықтай кеңейеді.

Бұл диапазонға 6 290 000 теңгеге JAC S3 Pro, бағасы 6 490 000 теңгеден басталатын Chevrolet Cobalt және пен JAC JS4 кіреді.

Ресми дилерлер 6 690 000 теңгеге Kaiyi E5 седаны мен Kaiyi X3 кроссоверін ұсынады.

Одан сәл жоғарырақ құны 6 790 000 теңгеден басталатын JAC J7 орналасқан.

Қарастырылып отырған диапазонның жоғарғы шегін Chevrolet Onix, Changan EADO Plus және және Kia Soluto иеленеді - бұл үш модельдің де бағасы 6 990 000 теңгеден басталады.

Осылайша, бюджеттің сәл ғана ұлғаюы санаулы емес, әртүрлі кластағы - бюджеттік седандардан бастап қалалық кроссоверлерге дейінгі онға жуық жаңа автомобиль арасынан таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа көліктер бойынша қорытынды қарапайым: егер сізге нақ жаңа автомобиль керек болса, бүгінде 6 млн теңгені қатаң шек ретінде емес, 6,5–7 млн теңгелік бюджетке бастапқы жарна ретінде қарастырған абзал.

Бұл ретте бюджеттік сегментте автомобиль құны көбіне дилерлердің арнайы ұсыныстарына байланысты болатынын ұмытпаған жөн. Акциялық бағалар кейде қомақты соманы үнемдеуге мүмкіндік береді, бірақ мұндай бағдарламалар, әдетте, шектеулі уақыт ішінде әрекет етеді, аз ғана көлік санына немесе жекелеген жиынтықтарға таралады. Сондай-ақ бірнеше аптадан кейін-ақ бұл құнның өзгеріп кету ықтималдығы әрқашан жоғары.

Бұл ақшаға қолданылған көліктерден не сатып алуға болады?

Екінші нарықта таңдау әлдеқайда кең. 6 млн теңгеге тек бюджеттік седандарды ғана емес, сонымен қатар класы жоғарырақ автомобильдерді де қарауға болады: Toyota Corolla, Hyundai Elantra, Kia Cerato, алдыңғы буындағы Toyota Camry, Nissan Qashqai, Hyundai Accent, Chevrolet Cobalt, сондай-ақ ертерек шыққан кейбір гибридтер мен электромобильдер.

Сегмент Моделі Жылы Не нәрсеге назар аудару керек?
Бюджеттік седандар Hyundai Accent, Chevrolet Cobalt, Kia Rio 2017–2022 Негізгі критерийлер - техникалық қызмет көрсету шығындары, отын шығыны, қозғалтқыш пен беріліс қорабының қызмет ету мерзімі. Ең қарапайым комплектация деңгейін және анық тарихты таңдаған дұрыс.
Жоғары класты седандар Toyota Corolla, Hyundai Elantra, Kia Cerato 2013–2018 Жол апаты тарихы мен жүрісін тексеру маңызды.
Комфорт класы Toyota Camry XV40/XV50, Hyundai Sonata 2008–2014 Тасжолда тұрақтылық, шу оқшаулау және қуат қоры маңызды. Бірақ 6 миллионда мұндай көліктер ескіреді, сондықтан диагностика өте маңызды.
Кроссоверлер Nissan Qashqai, Toyota RAV4, шығарылған жылы ескілеу Hyundai Tucson, Subaru Forester, Honda CR-V 2008–2014 6 миллион доллар тұратын кроссовер әрқашан бірдей бағадағы седанға қарағанда ескі болады. CVT, аспа және коррозияға ерекше назар аударыңыз.
Жол талғамайтын көліктер Renault Duster, Suzuki Grand Vitara 2008-2017 Сатып алмас бұрын, мұндай көліктерде жұмыс кезінде жиі қатты күйзеліске ұшырайтын толық жетекті, беріліс қорабын, аспаны және кузовтың жағдайына ерекше назар аударған жөн.
Электрмобильдер Nissan Leaf, JAC iEV, ранние BYD 2011–2018 Маманнан батарея жағдайын тексеріп алыңыз.
Гибридтер BYD ертерек шығарылғандары (таңдау көп емес), Toyota Prius, Prius Alpha, Camry Hybrid ескілеу түрлері 2008–2015 Егер батарея мен инвертор жақсы жағдайда болса, гибридті нұсқа жақсы нұсқа бола алады. Кәсіби тексеру өте маңызды.

6 миллион теңгеге қарастыруға тұрарлық үздік 10 қолданылған автомобиль

1. Toyota Corolla

Екінші нарықтағы ең қауіпсіз нұсқалардың бірі. Corolla сенімділігі, қосалқы бөлшектерінің қолжетімділігі және жоғары өтімділігі үшін бағаланады - тіпті бірнеше жылдан кейін де мұндай көлікті сату әдетте қиындық тудырмайды. Сатып алу кезіндегі басты міндет - тарихы ашық және жүрісі (пробег) бұралмаған дананы табу.

2. Hyundai Accent

Жаңа бастаған жүргізушілерге де, отбасыға да немесе қала ішінде күнделікті жүруге де бірдей жақсы келетін практикалық қалалық автомобиль. Көлікке қызмет көрсету қымбат емес, бірақ нарықта бұрын такси болғандары аз емес, сондықтан пайдалану тарихын ерекше мұқият тексеру керек.

3. Chevrolet Cobalt

Егер барынша қарапайым және ұстауға арзан автомобиль керек болса, Cobalt ең жақсы нұсқалардың бірі болып қала береді. Құрылымының қарапайымдылығы, сыйымды жүк салғышы және қолжетімді қосалқы бөлшектері оны жеке иелер арасында да, таксиде де танымал етеді. Сондықтан автомобильдің коммерциялық тасымалда жұмыс істемегеніне көз жеткізу маңызды.

4. Kia Cerato

Cerato бюджеттік седандардың көпшілігімен салыстырғанда жайлылық пен жабдықталудың жоғары деңгейін ұсынады. 6 млн теңгеге жақсы жиынтықтағы көліктерді табуға болады, алайда шанағына ерекше назар аударған жөн - көптеген машиналар ЖКО-ға түсіп үлгерген болуы мүмкін.

5. Hyundai Elantra

Сенімділік, жайлылық және заманауи жабдықталу арасындағы жақсы таңдау. Elantra екінші нарықтағы ең сұранысқа ие модельдердің бірі болып қала береді, алайда сатып алмас бұрын қозғалтқышты, беріліс қорабын кешенді диагностикадан өткізіп, шанақ жөндеуінің сапасын тексеру ұсынылады.

6. Toyota Camry

Шыққан жылы ескілеу болса да, Camry осы бюджеттегі ең танымал көліктердің бірі болып қала береді. Бұл сомаға алдыңғы буындағы үлгілерді ғана қарастыруға болады, сондықтан таңдау кезінде шыққан жылына емес, нақты дананың техникалық жағдайына баса назар аударған жөн. Жақсы күтілген Camry көптеген жаңа бюджеттік үлгілерге қарағанда жайлырақ болады.

7. Toyota RAV4

Сенімділігі мен иелік ету құны бойынша жақсы беделге ие, қайталама нарықтағы өтімділігі жоғары кроссоверлердің бірі. Негізгі қауіп-қатерлер - көліктің ескілігі, жүрілген жолының көптігі және трансмиссиясына, толық жетегі мен шанағына кешенді диагностика жасау қажеттілігі.

8. Subaru Forester

Өтімділігі жоғары, салоны кең және сенімді толық жетекті кроссовер іздегендер үшін тамаша таңдау. Негізгі қауіп-қатерлер - көліктің ескілігі, вариатордың (CVT нұсқаларында), қозғалтқыштың жағдайы және техникалық қызмет көрсету тарихын мұқият тексеру қажеттілігі.

9. Nissan Qashqai

6 миллион теңге шамасындағы бюджетте ең қолжетімді кроссоверлердің бірі. Жерден биіктігі (клиренс) мен кең салоны көп жүргізушіге сәйкес келеді. Дегенмен, сатып алмас бұрын вариатордың жағдайын міндетті түрде тексеру керек, себебі оны жөндеу өте қымбатқа түсуі мүмкін.

10. Honda CR-V

Сенімді әрі жайлы жапондық кроссовер. Салоны кең, өтімділігі жоғары және қайталама нарықта жақсы беделге ие. Негізгі қауіп-қатерлер - көліктердің ескілігі, жүрілген жолының көптігі және толық жетегіне, АКПП мен шанағына кешенді диагностика жүргізу қажеттілігі.

Қорытынды: бұл баға диапазонында көлік үлгісінен гөрі, нақты дананың техникалық жағдайы шешуші рөл атқарады.

Жаңа көлік пе әлде мінген көлік пе: 2026 жылы қайсысы тиімдірек?

Әдетте, мұнда әркім өз қалауына қарай таңдайды: ескі немесе жаңа, мәртебелі ме әлде класы төменірек пе, шығын қаупі бар ма әлде қызмет көрсетуде тұрақты ма... Біз тек негізгі критерийлерді атап өтеміз.

Жаңа көлік кепілдік, түсінікті тарих және пайдаланудың алғашқы жылдарында ең төменгі тәуекелдерді береді. Бірақ 6 миллион теңге бюджетпен сатып алушы не акциялық ұсынысты (оған үлгеріп қалу керек) алады, не бюджеттен сәл асатын және әдетте қарапайым жиынтықтағы модельді алады.

Сол ақшаға жүрілген көлік кеңірек, қуаттырақ және жайлырақ болуы мүмкін. Бірақ сонымен бірге тәуекелдер де пайда болады: жасырын жол-көлік оқиғалары, заңдық шектеулер, кейінге айналдырылған жүріс (пробег), тозған беріліс қорабы немесе гибридтер мен электрмобильдердің батареясы.

Бағалау критерийі Жаңа көлік Жүрілген көлік
Кепілдік Иә Әдетте жоқ немесе қалдық
Көлік класы Бюджеттік Жоғары класты түрін алуға болады
Қауіптер Минималды Тарихы мен диагностикаға байланысты
Жабдықтау Көбінесе базалық Жоғары комплектацияны табуға болады
Өтімділігі Базалық модельдерде жақсы Моделі мен жағдайына байланысты
Бастапқы шығындар Таза (техникалық қызмет көрсету схемаларына сәйкес) Сатып алған соң бірден пайда болуы мүмкін

Қайталама нарықта неден бас тартқан дұрыс?

Бұл бюджетте кез келген бағамен жоғары класқа ұмтылу өте қауіпті. Мұндай бағаға үлкен премиум седан немесе кроссовер әрқашан ескі болады және қымбат жөндеуді қажет етуі мүмкін.

Мыналарды сатып алудан іркілген жөн:

  • Қызмет көрсету тарихы мөлдір емес, тым ескі премиум көліктер.
  • Майы ауыстырылғаны расталмаған және диагностикасы жасалмаған вариаторы бар кроссоверлер.
  • Сырты жақсы көрінгенімен, ауыр жол-көлік оқиғаларына түскен көліктер.
  • Тартқыш батареясына диагностика жасалмаған электрмобильдер.
  • Нақты жүрілген жолы мен шанағының жағдайы белгісіз, таксиде болған көліктер.

6 миллион теңгеге жүрілген көлік сатып алар алдындағы тексеру тізімі (чек-лист)

Сатып алмас бұрын сатушының айтқандарына соқыр сенудің қажеті жоқ.

Келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Көліктің заңды тазалығын тексеру.
  • Жол-көлік оқиғалары тарихы мен тіркеу әрекеттерін тексеру.
  • Қозғалтқышқа, беріліс қорабына және жүру бөлігіне диагностика жасау.
  • Шанақты қалыңдық өлшегішпен (толщиномер) тексеру.
  • Барлық электронды жүйелердің жұмысын тексеру.
  • Гибридтер мен электромобильдер үшін - міндетті түрде тартқыш батареяны тексеру.
  • Бағаны нарықтағы ұқсас ұсыныстармен салыстыру.
  • Көлікті тек басқалардан арзан болғаны үшін ғана сатып алмау.

Осыдан бірнеше жыл бұрын 6 миллион теңге бюджет әртүрлі брендтердің бірнеше жаңа моделін таңдауға мүмкіндік беретін. Бүгінде бұл сома мінген көліктер нарығына кіру билетіне айналды.

Бірақ бұл лайықты нұсқалар қалмады дегенді білдірмейді. Керісінше, дәл қайталама нарықтан бүгінде жабдықталуы мен жайлылық деңгейі жоғарырақ көліктерді табуға болады. Ең бастысы - "мінсіз" модель іздеуден бас тартып, нақты бір автокөліктің жағдайына назар аудару. Сайып келгенде, сатып алудың қаншалықты сәтті болатынын капоттағы логотип немесе шыққан жылы емес, дәл осы техникалық жағдай анықтайды.