Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Қостанай тасжолын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Биыл республикалық маңызы бар Қарабұтақ – Қостанай жолының 80 шақырымын жөндеу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ мәліметінше, былтыр 40 шақырым жолды жөндеу жоспарланғанымен, мердігер небәрі 9 шақырымын аяқтаған. Кейін онымен келісімшарт сот шешімімен бұзылды.
Қазір жөндеу жұмыстарын жаңа мердігер жалғастырып жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын екі учаскеде жұмыс жүргізіліп жатыр: бірінде 49 шақырым, екіншісінде тағы 31 шақырым жол жаңартылады.
"ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Нұрғалидің айтуынша, тасжолдың жалпы ұзындығы 234 шақырым. Бұл ретте 136-185-шақырым аралығындағы 49 шақырым учаскесін орташа жөндеу жұмыстары 2027 жылы аяқталады.
Бұған дейін Алматы облысында жаңбыр салдарынан апатты жағдайдағы көпірді су шайып кетті.
Тағы оқыңыз: Астана - Алматы тасжолының тағы бір учаскесі ақылы болады