Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ішкі істер министрліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмастыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Меморандум биыл 25 шілдеден бастап күшіне енеді. Енді қазақстандық туристер БАӘ-де көлікті қазақстандық жүргізуші куәлігімен басқара алады.
Сондай-ақ БАӘ-ге тұрақты тұруға немесе ұзақ мерзімге көшетін қазақстандықтар Қазақстанда алған жүргізуші куәліктерін емтихан тапсырмай-ақ алмастыра алады. Бірақ бұл тек жеңіл автомобильдерге ғана қатысты.
Егер сіз автобус немесе жүк көлігін жүргізу құқығын алғыңыз келсе, алмастыру процесі сіз жүрген елдің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Жүргізуші куәлігін алмастыру үшін:
- тұруға ықтиярхат (ЖТЫ) алу;
- жүргізуші куәлігінің В, В1 санаты болуы және белгіленген жасқа толуы;
- 18 жастан;
- жүргізуші куәлігінің баратын елдің мемлекеттік тіліне ресми аудармасын ұсыну;
- медициналық тексеруден өту қажет.
Алмастырғаннан кейін қазақстандық жүргізуші куәлігі де өзіңізде қалады.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар Дубайда ұлттық жүргізуші куәлігімен жүре алады - ІІМ