Алматының тұрғын аудандарындағы ақылы тұрақтар: орналасатын жерлер бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының тұрғын аудандарындағы ақылы тұрақтар: орналасатын жерлер бекітілді Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі қалада жаңа ақылы қоғамдық тұрақтардың қай жерде пайда болатынын анықтайтын қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Tengri Auto.


Тізімге тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық тұрақтар орналастырылатын 338 көше, сондай-ақ алаң түріндегі 27 тұрақ енді.

Көшелердің толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Жобаға сәйкес, құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Үй жанындағы тегін тұрақ

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімдігі қала тұрғындарына тұрғылықты жері маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігін беруді көздейтін жоба әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар қаулы жобасында тұрақтарды пайдаланудың тегін уақыт аралығын енгізу ұсынылған. Жол жиегіндегі тұрақтарда 5 минут, ал алаң түріндегі тұрақтарда 10 минут тұруға болады.