8-18 шілде аралығында Алматы облысында Астана – Қарағанды – Алматы көлік жолының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, шектеу күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Ақсай – Жібек жолы аралығының 1177-1186 шақырым учаскесінде енгізіледі. Орташа жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Сонымен қатар 8 шілдеден бастап жүргізушілер үшін Күрті – Шабыт бағытындағы 1121-1177 шақырым арылығында көлік қозғалысы ашылады.
Жүргізушілерден сапарын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Бұған дейін Қазақстанның солтүстігінде жол сапасын жасанды интеллект тексеретіні хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Шұңқырлар мен белгілер: Қазақстан жолдарына қатысты алғаш рет бірыңғай талаптар енгізілді