Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу пункті жұмыс режимін өзгертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу пункті жұмыс режимін өзгертеді Фото:depositphotos.com

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі автокөлік өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді. Тиісті заңға Қазақстан Президенті қол қойды, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Әңгіме "Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісім хаттамасына енгізілген өзгерістерді ратификациялау туралы" 2024 жылғы 9 шілдедегі заң туралы болып отыр.

Kolesa.kz мәліметінше, өткізу пункттері арқылы жеңіл көліктер де, жүк көліктері де өте алады.

Құжатқа сәйкес, "Сырдария - Мәлік" және "Целинный - Оқ олтын" өткізу пункттері екіжақты мәртебенің орнына халықаралық мәртебеге ие болады. Сонымен қатар, бұрын тек күндізгі уақытта ашық болса, енді олар тәулік бойы жұмыс істейді.

"Целинный - Оқ олтын" өткізу пункті арқылы жеңіл автокөліктер, бос жүк көліктері, сондай-ақ ірі габаритті және ауыр жүк таситын көліктер өте алады.

"Сырдария - Мәлік" пункті жеңіл автокөліктер мен бос жүк көліктері үшін ашық болады. Сонымен қатар, ол арқылы коммерциялық жүк тасымалы бұрынғысынша қарастырылмаған.

Тағы оқыңыз: Шекарадағы көліктерге арналған күту аймақтары өзгертілмек: жүргізушілер нені білуі керек?