Қазақстанның бес тасжолында орташа жылдамдық енгізілді: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бес тасжолында орташа жылдамдық енгізілді: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады Фото:depositphotos.com

2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстанда тағы бес автожол учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта мұндай жүйе республикалық маңызы бар тасжолдардың жалпы ұзындығы екі мың шақырымға жуық сегіз ақылы учаскесінде жұмыс істеп тұрғанын еске салды.

10 шілдеден бастап оларға жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаске қосылады:

  • Ақтөбе – Қандыағаш;
  • Алматы – Қорғас;
  • Көкшетау – Петропавл;
  • Астана – Теміртау және Астана – Щучье тасжолдарының қосымша учаскелері.

Сонымен қатар болашақта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырымды құрайтын тағы 14 ақылы учаскеде енгізілуі мүмкін.

"Орташа жылдамдықты бақылауды енгізудегі негізгі мақсат - жүргізушілерді жазалау емес, адам өмірін сақтап қалу екенін атап өткіміз келеді. Статистикаға сүйенсек, жылдамдықты асыру ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

Барлық жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият және жауапты болуға шақырамыз", - деп атап өтті Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.