Астанада Сығанақ көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 9-16 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Арыс (М-3) көпіріне дейінгі учаскеде қозғалыс бір жақпен екі бағытта ұйымдастырылады.

Қозғалыс кезең-кезеңімен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Еске сала кетейік, 9-15 шілде аралығында Аманжолов көшесі толығымен жабылады.
Жаңалықтар
Кеше 17:15
Пайдалы кеңестер
09 шілде 19:18
07 шілде 09:45
Шолулар
Қазақстан жолдары
Электромобилдер