Тағы төрт ақылы тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі: тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тағы төрт ақылы тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі: тізім Фото © Тұрар Қазанғапов

10 шілдеден бастап бірнеше ақылы тасжолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.


"ҚазАвтоЖол" компаниясы апаттылықты азайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі учаскелерде орташа жылдамдық бақыланатынын мәлімдеді:

  • Ақтөбе – Қандыағаш;
  • Алматы – Қорғас;
  • Көкшетау – Петропавл;
  • Астана – Теміртау, Аршалы – Ошағанды учаскесінде.

Компания бұл жүйенің жүргізушілерді жазалау үшін емес, жол бойындағы қауіпті мінез-құлықтың алдын алу үшін енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Тәжірибе көрсеткендей, жылдамдықты асыру ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болатын негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Орташа жылдамдықты бақылау камера алдындағы бір реттік емес, жолдың бүкіл учаскесіндегі жүргізушінің нақты қозғалыс мәнерін тіркеуге мүмкіндік береді", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Орташа жылдамдықты бақылау жүргізушілерге камералар арасында жылдамдықты арттырып, тек олардың алдында баяулауға мүмкіндік бермейді.

Жүргізушілерге бағыт бойынша жылдамдық шектеулерін алдын ала ескеру, жол белгілерін қадағалау және белгіленген жылдамдық режимін асырмау ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Тараз-Шымкент тасжолында орташа жылдамдықты асырғаны үшін қайта айыппұл салына бастайды