Алматыда заң бойынша есепке алынуы тиіс электрмопедтер мен басқа да екі дөңгелекті электр көліктерін тіркеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда заң бойынша есепке алынуы тиіс электрмопедтер мен басқа да екі дөңгелекті электр көліктерін тіркеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция өкілдері егер көлік құралы мемлекеттік тіркеуге жататын болса, бұл процедураны кейінге қалдырмау керектігін ескертті. Тіркеу оны ортақ пайдаланудағы жолдарда заңды түрде жүргізуге құқық береді және иесінің меншік құқығын растайды.
"Бүгінде тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, көп уақытты талап етпейді. Көптеген азамат бұл процестен сәтті өтіп үлгерді. Мемлекеттік тіркеу – заң талаптарын орындау ғана емес, көлік құралын заңды пайдаланудың, меншік құқығын қорғаудың және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі", - деп атап өтті Алматы ПД ӘПБ процессинг орталығының бастығы Нұрсұлтан Ақмырзаев.
Мемлекеттік тіркеуге қатысты толық ақпарат пен кеңесті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Қажетті құжаттарды рәсімдеу де осы орталықтарда жүзеге асырылады.
Самокаттар енді тротуармен жүре алмайды
Қазақстанда электрсамокатпен жүру ережесі өзгереді. Енді олармен тротуар және жаяу жүргіншілер жолында жүруге тыйым салынады.
ІІМ мәліметінше, олар жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
2025 жылы елімізде электрсамокат жүргізушілерінің кінәсінен 139 жол-көлік оқиғасы болып, 149 адам жарақат алды.
Қазақстандағы самокат мәселесі
Электрсамокаттар бұрыннан жаяу жүргіншілер үшін де, автокөлік жүргізушілері үшін де күрделі мәселеге айналған. 2024 жылы қазақстандықтар ІІМ-нен оларды жалға беруге тыйым салуды сұраған болатын.
Сол кезе полиция статистикалық мәлімет ұсынды, оған сәйкес жыл басынан бері 28 мың электрсамокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұған дейін қазақстандықтарға мемлекеттік нөмір мен жүргізуші куәлігін алу жеңілдей түскені хабарланған болатын.
Пікірлерді оқу