Жаңалықтар
14 мамыр 2026 14:28

Семей тұрғынына бояуы қабыршақтанып түсіп жатқан жаңа автокөлік сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Семейдегі автосалон шанағының бояуында ақауы бар автокөлікті сатқан, деп хабарлайды Tengri Auto.

Семейдегі автосалон шанағының бояуында ақауы бар автокөлікті сатқан, деп хабарлайды Tengri Auto.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, клиент 6 миллион теңгеге жаңа көлік сатып алған, бірақ көп ұзамай көлік қанатындағы бояудың қабыршақтанып түсе бастағанын байқаған.

Осыдан кейін ол автосалон басшылығына хабарласып, анықталған ақауды жою немесе автокөлікті дәл сондай маркадағы және жинақтамадағы басқа автокөлікке ауыстыру туралы талап қойған. Алайда автосалон тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан. Клиент дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мақсатында Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген

Реклама
Реклама

Мамандар оған өз құқықтарын түсіндіріп, сотқа дейінгі талап хат дайындауға көмектесті. Шағым қаралғаннан кейін автосалон автокөліктің қанатын өз қаражаты есебінен ауыстырып берді.

Тағы оқыңыз: "Клиенттердің салонда тұрған көлігін сатқан": Таразда менеджер 334 миллион теңгені қолды қылды.

Пікірлерді оқу