Жаңалықтар
13 мамыр 2026 18:09

“Сергек“ қауіпті жүргізушілерді анықтап, полицияға хабарлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов

Жол камераларында қауіпті жүргізушілер мен жолдың апатты учаскелерін анықтай алатын жасанды интеллект жүйесі сынала бастады, деп хабарлайды Tengri Auto. Бұл туралы Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық семинарда Sergek Group өнімдерді дамыту жөніндегі директоры Нығмет Әбдірахманов айтып берді.

Жол камераларында қауіпті жүргізушілер мен жолдың апатты учаскелерін анықтай алатын жасанды интеллект жүйесі сынала бастады, деп хабарлайды Tengri Auto. Бұл туралы Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық семинарда Sergek Group өнімдерді дамыту жөніндегі директоры Нығмет Әбдірахманов айтып берді.

Оның сөзінше, Қазақстанда автомобильдер мен жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді, ал жол инфрақұрылымы бұл өзгерістерге бейімделіп үлгермей жатады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Алматыда 2172 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жол жүрісі қағидаларын бұзудың 850 мың дерегі анықталған.

Реклама
Реклама

Астанада 712 жол апаты және жылдамдық режимін бұзудың 69 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Жалпы Қазақстан бойынша 2026 жылдың алғашқы айларында 7700-ден астам жол апаты болған.

"Камералар орнатылса да, уақыт өте келе адамдар оған үйреніп, қай жерде тұрғанын біле бастайтынын көріп отырмыз. Бұрынғы әдістер бұрынғыдай тиімді жұмыс істемейді, сондықтан жаңа тәсілдер мен құралдар қажет", - деді ол.

Әбдірахманов жүйенің негізгі міндеті оқиғадан кейін ереже бұзуды тіркеу ғана емес, апаттың алдын алу екенін атап өтті.

Ол үшін жаңа ЖИ-платформасы әзірленіп жатыр. Ол камералардан келетін бейне ағынын біртұтас қаланы бақылау жүйесі ретінде талдап, жолдағы қауіп-қатерді алдын ала анықтайды.

"Біз көлік ағынындағы жүргізушілердің мінез-құлқын талдаймыз. Мысалы, жылдамдықты жиі асыратындарды немесе қауіпті маневр жасайтындарды көреміз. Бұл кімдермен профилактикалық форматта жұмыс істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Жүйе агрессивті жүргізу стилін, қауіпті маневр мен жолдың проблемалы учаскелерін апат болғанға дейін-ақ байқай алады.

"Басты міндет - қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын уақыт шкаласы бойынша солға жылжыту, яғни қауіпті соқтығыс болғанға дейін анықтау. Бүгінде біздің әзірлеушілер мен инженерлер тобы жаңа өніммен жұмыс істеп жатыр, ол жақын арада сыналып, уәкілетті органдардың жұмысына енгізіледі", - деп бөлісті Әбдірахманов.

Компания мәліметінше, қауіпті жүргізушілер туралы хабарлама профилактикалық шара қабылдау үшін полиция қызметкерлерінің планшетіне түсіп отырады.

Сондай-ақ жүйе көмегімен өзгеріс қажет учаскелерді анықтауға болады. Мысалы, бағдаршам жұмысын реттеуге, қозғалыстың ұйымдастырылуын өзгертуге немесе қауіпті учаскелерге қосымша қауіпсіздік элементтерін орнатуға мүмкіндік туады.

Тағы оқыңыз: "Сергек" тағы бір заңбұзушылықты анықтауға бейімделмек

Пікірлерді оқу