“Сергек“ тағы бір заңбұзушылықты анықтауға бейімделмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергектер Фото: depositphotos.com

Қазақстанда "Сергек" бейнебақылау жүйесін тек құқықбұзушылықтарды тіркеу үшін емес, қоғамдық орындардағы агрессиялық мінез-құлықты тану үшін де пайдалану ұсынылды. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Бексұлтан Құдайбергенов көтерді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Мәжілісмен өз депутаттық сауалында қоғамда дөрекілік пен агрессия көріністері күшейіп, олар біртіндеп, соның ішінде қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілерде де үйреншікті мінез-құлық нормасына айналып бара жатқанын атап өтті.

"Менің сауалым қоғамдық этика мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне мемлекеттің жүйелі түрде араласу қажеттілігіне бағытталған. Бүгінде біз моральдық сүзгінің тозғанын байқап отырмыз. Дөрекілік, агрессия және балағат сөздер үйреншікті жағдайға айналып, мәдени кодымыздың негіздеріне нұқсан келтіріп жатыр", - деді депутат.

Осыған байланысты ол қоғамдық тәртіпті бақылауды технологиялық тұрғыдан күшейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Атап айтқанда, мәселе "Сергек" бейнебақылау жүйесін қоғамдық орындардағы агрессиялық мінез-құлық белгілерін автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік беретін алгоритмдермен интеграциялау туралы болып отыр.

Депутаттың пікірінше, бұл құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы тұрмыстық агрессия деңгейін төмендету бойынша кешенді шаралардың бір бөлігі болуы тиіс.

TengriAuto