Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі Фото:depositphotos.com

Алматыда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.


Жандосов көшесі

21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінің Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде реверстік қозғалыс ұйымдастырылады.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды. Сондай-ақ ауа райы жағдайына байланысты жұмыс мерзімі өзгеруі мүмкін екендігі айтылды.

2-ші Гончарная көшесі

Шектеулер 2-ші Гончарная көшесіне де қатысты болады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Фтизиопульмонология орталығынан Райымбек даңғылындағы №223е/4 үйге дейінгі учаскеде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап автокөлік қозғалысы шектеледі.

Қазіргі уақытта Алматыда мына көшелер жабылған:

  • 13 шілдеден бастап "Самал-2" шағын ауданындағы Снегин көшесінің Меңдіқұлов бульвары мен Достық даңғылы арасындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Себебі - құбырларды ауыстыру.
  • 17 шілдеден 30 тамызға дейін Бекешев көшесінің Әбілдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Себебі — кәріз коллекторының құрылысы.

Тағы оқыңыз: Алматы – Бішкек тасжолы 8 жолаққа дейін кеңейтіле бастады.

Жолдарымызда қытайлық көліктер көбейіп келеді! Ал сіз бренд атауларының қалай дұрыс дыбысталатынын білесіз бе? Біз көмектесеміз! Біздің арнайы жобамызға кіріңіз «Қытай автоәлемі» атты арнайы жобамызға өтіңіз – мұнда маркалар, брендтер мен өндірушілер туралы бәрі бар!