Биыл тамызда Алматы облысының танымал көрікті жерлерінің біріне баратын жолды жаңарту жұмыстары аяқталады, деп Tengri Auto Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осы уақытқа дейін Қайыңды көліне баратын жол Алматы облысындағы айтарлықтай күрделі туристік маршрут болып келді. Ол терең шұңқырлары, тасты учаскелері мен өзен арқылы өтетін өткелі бар қара жол болатын. Нөсер жаңбырдан кейін өткелден өту көбіне мүмкін болмай қалатын.
Әкімдік мәліметінше, өрге қарай бағытталған ойлы-қырлы жол тегістеліп, негізгі жұмыстар тәмамдалды. Қазір жол жөндеушілер асфальт-бетон жабынын төсеп жатыр.
Бұдан бөлек құрылысшылар жобада қарастырылған барлық 42 су өткізу құбырын толық орнатты. Бүгінде 2,5 шақырымдық учаскеге асфальт төселді.
Жобаның жалпы құны 2,43 миллиард теңге. Биыл жұмысты жалғастыру үшін жергілікті бюджеттен тағы 1,3749 миллиард теңге бөлінді.
Естеріңізге сала кетейік, жол салынып жатқаны туралы биыл сәуірде хабарланған болатын.
Дегенмен Көлсай мен Қайыңды көлдеріне баратын жол құрылысы туралы сонау 2020 жылы айтылған болатын.
Сол кезде "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық паркі директоры Данияр Тұрғамбаев журналистерге құрылыс 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеген еді.
"2022 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. 12 шақырым жол, ЖСҚ-ға (жобалау-сметалық құжаттамама) 16 миллион бөлінді. ЖСҚ дайын. Барлық жерде көпір, бес немесе алты көпір болады", - деді Данияр Тұрғамбаев.
Алайда ұзындығы 10 шақырым болатын жаңа жол құрылысы тек 2025 жылдың қазанында басталды.
Тағы оқыңыз: Алматыда Шымбұлаққа баратын жол инфрақұрылымды жаңартуға байланысты ішінара жабылады.
Пікірлерді оқу