Қазақстан тасжолдарында лазерлер орнатыла бастады - олар неге керек?

Қазақстан тасжолдарында лазерлер орнатыла бастады - олар неге керек? Фото: "ҚазАвтоЖол"

Қазақстандағы ақылы тасжолдардың 22 учаскесінде лазерлік қауіпсіздік жүйелері орнатыла бастады, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Қазақстандағы ақылы тасжолдардың 22 учаскесінде лазерлік қауіпсіздік жүйелері орнатыла бастады, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Бұл қандай жүйе?

Бұл жол бойында айқын жарық сызықтарын проекциялап, нақты визуалды бағдар қалыптастыратын лазерлік қондырғылар. Олар әсіресе түнде немесе көру мүмкіндігі нашар кезде жүргізушілер үшін қосымша бағдар болады.

Реклама
Реклама

Мұндай сызықтар:

  • қозғалыс бағытын сақтауға;
  • жылдамдықты дер кезінде азайтуға;
  • ұзақ әрі біркелкі жол учаскелерінде зейінді жоғалтпауға көмектеседі.

Компания өкілдері лазерлердің негізгі міндеті – шаршау мен зейіннің әлсіреуінен болатын апат қаупін азайту деп түсіндірді.

Қай жерлерде орнатылады?

Ұлттық компания мәліметінше, мұндай жүйелер бірқатар республикалық маңызы бар жолда, соның ішінде Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз, Орал – Ресей шекарасы және басқа да бағыттарда пайда болады.

Бұл не үшін керек?

Мамандардың айтуынша, түнде және көру мүмкіндігі нашар жағдайда жүргізушілер бағдардан жиі жаңылысады. Мұндай жағдайларда лазерлік сызықтар қосымша визуалды сигнал ретінде қызмет етіп, жолдағы өзгерістерге жылдам әрекет етуге септігін тигізеді.

Халықаралық сынақтар нәтижесіне сәйкес, мұндай жүйелер орнатылған учаскелерде жол апаты 40–50 пайызға дейін азаяды.

Еске сала кетейік, мұндай технология елімізде бұған дейін сынақтан өткізілген болатын.

2025 жылы белсенді лазерлік ескерту жүйесі Астана – Теміртау тасжолының Ошағанды ауылы маңындағы бөлігінде сынақ режимінде орнатылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама