ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2018 | 13:56
Алматыда жыл басынан бері қанша "әдемі" нөмір сатылды?
Биыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес, әріптерді де таңдауға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі корпорация баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес, әріптерді де таңдауға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі корпорация баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Нұрсұлтан Оңдасынұлының мәліметінше, қаңтардың 3-17 аралығында Қазақстандағы жаңа үлгідегі 75 авто нөмірлері сатылған.
"Жыл басынан 17 қаңтарға дейін Қазақстандағы жаңа үлгідегі (VIP) 100-900, 111-999 санатындағы - 34 дана, 001-009, 777 санатындағы - 19 дана, 010-090, 077, 707 - 22 дана авто нөмірлер сатылды", - дейді Нұрсұлтан Оңдасынұлы.
"15 қаңтардан бастап іске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргізушілер мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс.
2014 жылдан бастап автокөлік иелері ел арасында "айна нөмір" деп аталатын симметриялық нөмірлерді сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізген еді. Енді азаматтар ақылы түрде сандар мен әріптерді өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тілек білдірушілер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмірлерге 5 700 АЕК (137 085 теңге) көлемінде төлейді, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әріптердің де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны - 11 400 пайыз АЕК (274 170 теңге). 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмір сатылған", - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.
Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмірлік белгісі базада болмаса, онда қажетті мемлекеттік алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруіне болады.
Показать комментарии
Читайте также