Араб шейхі құбыжық көлігін көрсетті

Шейх Хамад Бин Хамдан әл Нахайян - эксклюзив көлітер жинаумен танымал болған. © instagram/shhamadbinhamdan

Абу-Даби билеуші әулетінен шыққан Шейх Хамад Бин Хамдан әл Нахайян тапсырыс бойынша жасалған "әлемдегі ең үлкен жол талғамайтын көлікті" көрсетті, - деп хабарлайды Mirror.

Абу-Даби билеуші әулетінен шыққан Шейх Хамад Бин Хамдан әл Нахайян тапсырыс бойынша жасалған "әлемдегі ең үлкен жол талғамайтын көлікті" көрсетті, - деп хабарлайды Mirror.

"Трансформеры" фантастикалық фильміндегі көліктерге ұқсас туындыны Дубай конструкторлары жасап шығарған. 

11 метрлік жол талғамайтын көліктің салмағы шамамен 24 тонна. Көлік америкалық әскери Oshkosh M1075 тартқышы негізінде құрастырылған. Онда 600 аттың күші бар 15,2-литрлік Caterpillar дизель отынымен жүру құрылғысы орнатылған. 

Реклама
Реклама

Автомобильдің алдыңғы бөлігі 40-шы жылдардағы жүк машиналарынан алынған, кабинасы - қазіргі Jeep Wrangler Unlimited, шамдары - Ford Super Duty, ал артқы бампер - Dodge Dart. Он дөңгелекті құбыжыққа Dhabiyan атауы берілген. Оның ені - 2,5 метр, биіктігі - 3,2 метр.

Оның иесі Instagram желісіндегі парақшасында суреттерін жариялады. Ерекше автокөліктің құны нақтыланбаған.


© instagram/shhamadbinhamdan


Шейх Хамад Бин Хамдан әл Нахайян әлемдегі ең бай адамдар қатарында және ол эксклюзив автокөліктерді жинаумен танылған. © instagram/shhamadbinhamdan

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама