ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2020 | 09:40
Автопилотты қосып қойған Tesla жүргізушісі полициядан жасырынбақ болған - БАҚ
Канадалық полицейлер автопилотты қосып, артқы орындықта ұйықтап жатқан 20 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары дабылды қосқан кезде машина жылдамдықты асырып, полициядан жасырынбақ болған, - деп хабарлайды Hi-news.ru.

Ars Technica басылымының мәліметінше, бұл оқиға 2020 жылдың шілдесінде болған. Полиция сағатына 140 шақырым жылдамдықпен келе жатқан Tesla Model S көлігін байқаған. Салонның ішінде ешкім көрінбеген. Содан полицейлер жүргізуші мен оның жолаушысы артқа сүйеніп тұрған орындықтарда ұйықтап жатыр деп ойлаған.
Полиция сиренаны қосқан кезде Tesla көлігі сағатына 150 шақырымға дейін жүрген. Нәтижесінде 20 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы ұсталып, бір тәулікке көлік жүргізу құқығынан айырылды. Желтоқсанда сот отырысы өтетіні айтылады.
2018 жылы Tesla иелері рульді ұстап тұратын Autopilot Buddy қысқышын ойлап тапты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также