26 сәуір 2019 | 10:29

Бір жылда такси қызметін пайдаланушылар саны 30 пайызға артқан

 2019 жылы қаңтар-наурыз аралығында 5,5 миллиард жолаушы тасымалданған - бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға көп. Статистика комитеті наурызда қоғамдық көліктердің қанша жолаушы таситыны туралы мәлімет беруден бас тартты, өйткені олар құпия болып жарияланған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

 2019 жылы қаңтар-наурыз аралығында 5,5 миллиард жолаушы тасымалданған - бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға көп. Статистика комитеті наурызда қоғамдық көліктердің қанша жолаушы таситыны туралы мәлімет беруден бас тартты, өйткені олар құпия болып жарияланған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Алматыда іске асырылып жатқан көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың маршруттық желісін ұлғайту жалғасып жатыр. Маусым айында қала көшелеріне экологиялық газ отынымен 200 жаңа төмен еденді автобус шығады. Осы жылы барлығы 460 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар ауа баптау жүйесімен, пандустармен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Жаңа жылжымалы құрам күту уақытын және қарбалас сағаттарындағы маршруттардағы шамадан тыс жүктемені қысқартуға бағытталған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазір Алматы қаласының ресми интернет-ресурсының мәліметінше, "Алматыэлектротранс" ЖШС камералары арқылы жүргізушілерді бақылау жүргізіліп жатыр. Барлық ережебұзушылықтарды тәртіптік комиссия қарайды. Қаланың автобус паркін 80 пайызға жаңарту мүмкін болды, оның ішінде "Онай" қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін енгізудің арқасында қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берген.

Жалпы, Алматыда жүзеге асырылып жатқан көлік реформасы аясында қаланың автобус паркі екі жыл ішінде 80 пайыздан аса жаңартылды, елдегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршеринг қызметі енгізілді, метро екі жаңа станциясының құрылысы және LRT жобасын іске асыру жалғасып жатыр. 

Заметно выросла потребность в такси: плюс 29,3% за год, перевезено 1,3 млрд пассажиров; а также в метро — плюс 15,1% за год, перевезено 4 млн пассажиров.

Таксиге деген қажеттілік айтарлықтай өсті: жылына 29,3 пайыз еселенеген, 1,3 миллиард жолаушы тасымалданды, сондай-ақ метроға жылына 15,1 пайыз еселенген, 4 миллион жолаушы тасымалданды.

Тengrinews.kz порталының мәліметінше индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қазіргі таңда такси жолаушыларын тасымалдауға тапсырыс беретін интернет-ресурстар танымал екенін мәлімдеді. "Заң жобасында осы онлайн-сервистердің қызметі реттелді, бұл ұялы қосымшаларды үнемі пайдаланатын заңсыз тасымалдаушыларды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді. Қызметті мобильдік сервистер арқылы жүзеге асыратын тасымалдаушы тіркелуі, аты-жөні, жүргізуші куәлігінің нөмірі, автокөлік құралының нөмірі және сақтандыруды көрсетуі тиіс", - деп түсіндірді министр.

Норма 11 сәуірде Сенат депутаттары қолдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енді. Қол қойылғаннан кейін бұл норма "автомобиль көлігі туралы" заңды өзгертеді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеннің айтуынша, метрополитен жолаушылары енді жалпыға қолжетімді тегін Wi-Fi пайдалана алады. Алайда әзірге тек бір станцияда (Жібек Жолы) ғана істеп тұр екен. 

Среди крупных городов и мегаполисов страны проезд в автобусах подорожал только в Актобе (с 55 до 80 тенге, на 45,5%). Дороже всего проезд обходится жителям столицы (90 тенге) и Алматы (80 тенге).

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында автобустарда жол жүру тек Ақтөбеде ғана (55-тен 80 теңгеге дейін, 45,5 пайызға дейін) қымбаттады. Ең қымбат жол ақысы: Астана - 90 теңге және Алматы - 80 теңге.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная