27 қараша 2020 | 15:05

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?

Қазақ ұлтының әрбір салты, әрбір дәстүрі тұлпарға тікелей байланысты. Отбасы, ошақ қасы – бәрінде де тұлпардың орны дүниетанымымызда ерекше құнды. Баланың атқа алғаш отыруын "Тоқым қағар" деп арнайы дәстүрге айналдырдық. Ал адам қайтыс болғанында оның атын тұлдап, бір жыл өткеннен кейінгі асында сою – қазақ халқы тұрмысында аттың қандай құндылық екенін дәлелдеп отырғандай. Бұл ғажайыптан туа салған дәстүр я салт емес. Байтақ даланың жазылмаған заңы осы. Сақ заманынан сақталған дәстүр. Ал бүгінгі қазаққа дәл сол ғұрпын ұмыттырмайтын көлік қандай? Саралайық.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ ұлтының әрбір салты, әрбір дәстүрі тұлпарға тікелей байланысты. Отбасы, ошақ қасы – бәрінде де тұлпардың орны дүниетанымымызда ерекше құнды. Баланың атқа алғаш отыруын "Тоқым қағар" деп арнайы дәстүрге айналдырдық. Ал адам қайтыс болғанында оның атын тұлдап, бір жыл өткеннен кейінгі асында сою – қазақ халқы тұрмысында аттың қандай құндылық екенін дәлелдеп отырғандай. Бұл ғажайыптан туа салған дәстүр я салт емес. Байтақ даланың жазылмаған заңы осы. Сақ заманынан сақталған дәстүр. Ал бүгінгі қазаққа дәл сол ғұрпын ұмыттырмайтын көлік қандай? Саралайық.

Chevrolet Malibu – бұл көлік талай қазақстандықтың жүрегін жаулағалы қашан. Тарихы 1960 жылдардан басталған темір тұлпардың бүгін Қостанай қаласында құрастырылып жатқанынан хабардармыз ба?

Реклама
Реклама

"Адам – жылқы мінезді" дейді қазақ. Бұл көліктің мінезін техникалық сипаттарынан байқауға болады. Бизнес-кластағы седанда көлікті кілтсіз ашу, дауыспен басқаруға болатын Bose аудижүйесі, Apple CarPlay мен Android Auto, ыстық күнде құтқарушыңыз болатын орындық желдеткіші жүйелері орнатылған.

Атқамінер, атшабар, атқосшы сияқты дәстүрлер қазақтың тұрмысында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де мәні зор екенін көрсетеді. Мұның Malibu моделіне қандай қатысы бар дерсіз. Бұл, біріншіден, бизнес-кластағы седан. Ертедегі кәсіппен бүгінгі тіршіліктегі бизнесті, іскерлік өмірді параллель келтірсек қате емес шығар. Көліктің ішкі көрінісін жасауда дизайнерлер сапалы материалдарды қолданып, орталық консольдағы батырмалардың санын қысқартуға тырысқан. Көп батырманың орнына MyLink ойын-сауық, ақпараттық Touch Screen орнатылған. Артық ештеңе жоқ, бәрі өз керегіне жаралған.

Chevrolet Tracker – қазақтың байтақ даласын аралап, саяхат жасауға арнап жасалғандай. Бұл шағын жол талғамайтын көлік сіздің келесі сапарыңызға қажетті жайлылық пен мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Айшылық алыс жолдарды бір ғана шабыспен еңсеретін бабаларымыздың қанында дәл осы модельдегі қасиеттер болмады деп қалай айтамыз? Мысалы, кең салоны, қауіпсіздігі, ерекше қуаты мен үнемі (100 шақырымға 7,9 литр) ұзаққа шыдас беретін шабыс аттарының қасиетіндей.

Tracker дизайны көз тартады әрі мәнері өз алдына. Биік жол саңылауы мен кең салон кроссовер иелеріне қалада ғана емес, одан тыс жерде де уайым жемей жүруге мүмкіндік береді. Автокөліктің салоны көп функциялы рөлдік дөңгелекпен, 3,5 дюйм бақылау панелімен жабдықталған, сонымен қатар, артқы көрініс камерасы, қозғалтқышты қашықтан іске қосу және тағы басқа функциялары бар.

Chеvrolet Cobalt – қазақ дүниетанымындағы жылқы баптау, ат әбзелдерін сайлау сияқты тұрмысындағы ажырамас бөлігін сипаттайтын көлік. Модельдің басты басымдығы қолданыста қарапайымдығы мен үнемдігі. Бұл тұлпармен күнделікті жүріп-тұруға, қала берді отбасымен алыс жолға шығуға арналған әмбебап көлік. Барынша жайлы, барынша ыңғайлы салоны отбасының алыс-берісі мен туыстық қатынасына таптырмас көлік.

Cobalt экономикасы даму деңгейіндегі елдерге арналған. Оның басқалардан артықшылығы – қолжетімді бағасы мен басқарудағы жеңілдігі. Модельді жасағандардың да ойы біздің айтпағымызбен үндеседі – өз сегментінде көшбасшы болып, күнде қымбаттап жатқан нарықта ең көп сатылатын автокөлік атану. Қазақ халқының туыстық қатынасындағы алыс-беріс, аралас-құралас тіршілігіне арналғандай күйде боласыз. Осылайша, төзімді тұлпарды қазанат десек, темір тұлпардың бұл моделі бүгінде Cobalt атауын алыпты.

Ал Trailblazer мен Tahoe туралы айтқанда, қазақ ұлтының "Жылқы – малдың патшасы" деген тіркес ойға келеді. Шын мәнінде, бұл модельдер кең, молшылық, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күннің символындай. Кеңдігі – салонына бір қарап танитын қасиетінен, молшылығы – темір тұлпардың әрбір деталінен байқалады.

Әдетте қазақта жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған ірі жылқыларды үйірге қосылмай, бөлек жайылатындықтан саяқ жылқы деуші еді. Жол талғамайтын осы аталған адуынды модельдерді нағыз ерек тұрған, патшадай паң көңілді жандарға арнап жасағандай күй туады. Америкалық талай фильмнің жұлдызына айналған Tahoe – үлкен әулетке, елге сыйлы жігіт ағаларына сай көлік.

Міне, қазақ тіршілігінің ежелден қалыптасқан құндылығы бүгінгі техникадан көрініс тауып отыр. Тұрмысы, тіршілігі жылқы жануарымен етене жақын халықтың бүгіні де одан ажырай қойған жоқ. Баяғының аңыз адамдарының тұлпарлары туралы талай әңгіме, хикая, роман жазылды. Бұл бүгінгі халқымыздың да темір тұлпары үстем болсын деген ниетіміз ғана.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная