ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2020 | 17:52
Chevrolet Cobalt - күнделікті өмірге таптырмас көлік
Chevrolet Cobalt - күнделікті жүріп-тұруға, қала берді отбасымен алыс жолға шығуға арналған әмбебап көлік. Көлікке бес адам емін-еркін сыяды, ал кең жүксалғышына кез келген затыңызды сыйдыра аласыз. Chevrolet Cobalt көлігіне заманауи қорғаныш жүйесі орнатылған. Мұнда жүргізуші мен жолаушының қорғаныс жастығы, есіктің бұғатталуына қарсы жүйе және балалар орындығын бекітуге арналған Isofix бар.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Chevrolet Cobalt - күнделікті жүріп-тұруға, қала берді отбасымен алыс жолға шығуға арналған әмбебап көлік. Көлікке бес адам емін-еркін сыяды, ал кең жүксалғышына кез келген затыңызды сыйдыра аласыз. Chevrolet Cobalt көлігіне заманауи қорғаныш жүйесі орнатылған. Мұнда жүргізуші мен жолаушының қорғаныс жастығы, есіктің бұғатталуына қарсы жүйе және балалар орындығын бекітуге арналған Isofix бар.
Chevrolet Cobalt отбасылық көлігін GM корпорациясының Бразилиядағы бөлімінің дизайнерлері замануи стандарттарды негізге ала отырып жасап шыққан. Көліктің мақсаты - өзінің сегментінде көшбасшы болып, күнде қымбаттап жатқан нарықта ең көп сатылатын автокөлік атану. Chevrolet Cobalt - жайлылық, талғам мен сапаның үйлесімі. Ал дизайны - ешқашан ескірмейтін классика. Бұл көлік экономикасы даму деңгейіндегі елдерге арнап жасалған. Оның кең салоны мен үнемділігі көптің көңілінен шықты.
Chevrolet Cobalt жайлылықты, талғампаздықты және жоғары динамикалық қасиеттерді, сонымен бірге дәстүрлі классикалық дизайнды ұсынады. Автокөліктің басты ерекшелігі - кең интерьері, қолайлы бағасы және жанармай тиімділігі. Әр деталіне дейін ойластырылған бұл модель кеңдіктің және қозғаушы динамиканың таңқаларлық үйлесімін ұсынады.
Седан әмбебап көлікке айналған. Оның басқалардан артықшылығы - қолжетімді бағасы мен басқарудағы жеңілдігі. Chevrolet Cobalt параметрі: ұзындығы - 4449 миллиметр, ені - 1735 миллиметр, биіктігі - 1514 миллиметр, дөңгелектерінің арақашықтығы - 2620 миллиметр. Сонымен бірге кауіпсіздігі, кең салоны және қолайлы экстерьері атап өтуге тұрарлық.
Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылы басталды. Бүгінде екінші деңгейлі банктерден 4 проценттік мөлшерлемемен жаңа көлік сатып алуға болады.
Шарты:
- Автокөлік Қазақстанда құрастырылуы қажет;
- Көлікті автосалоннан сатып алу керек;
- Несие валютасы - теңге;
- Несие мерзімі - 7 жылға дейін;
- Көлік құны 15 миллион теңгеден аспауы қажет;
- Алдын ала төлем автомобиль құнының 10-20% құрайды;
- Несие бойынша номинал сыйақы мөлшерлемесі жылына 4%-тен аспайды;
- Жылдық тиімді мөлшерлеме жылына 7,5 %-тен аспауы керек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Серіктестік материал
Показать комментарии
Читайте также