13 сәуір 2021 | 12:07

Chevrolet-нің бірден екі көлігі ҚР автонарығындағы сатылымда көш бастады

Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, 2021 жылы наурызда Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 21 пайызға - 7539 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық көлікке дейін артты. Chevrolet автокөлік бренді қазақстандық автонарықтағы орнын нығайта түсті, наурызда сатылған көлік саны бойынша бірінші орынға ие болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, 2021 жылы наурызда Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 21 пайызға - 7539 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық көлікке дейін артты. Chevrolet автокөлік бренді қазақстандық автонарықтағы орнын нығайта түсті, наурызда сатылған көлік саны бойынша бірінші орынға ие болды.

Chevrolet-нің жалпы сатылымы 2 161 автокөлікке жетті (ақпанмен салыстырғанда +15 пайыз). Осылайша, Chevrolet автобренді алдыңғы айдың көшбасшысын ығыстырып, бірінші орынға шықты. ҚАБҚ деректері бойынша, 2021 жылдың наурызында отандық автонарықтағы топ-3 автобренд мынадай: Chevrolet, Hyundai және Toyota.

Сарапшылар Lada сатылымы тоқтатылғанын атап өтті. Алайда "АвтоВАЗ" Қазақстанда Lada автокөліктерін қайта өндіру бойынша келісімге келген.

Реклама
Реклама

Chevrolet-нің өсім драйверлерінің бірі қалта қақпайтын автомобильдер сегментіндегі бірқатар ұсыныс болды. Сондықтан наурызда сатылған модельдер бойынша Chevrolet-нің бірден екі көлігі жетекші орынға ие болды. Наурызда бағасы мен сапасы сай келетін (баға диапазоны 4 390 000-нан 5 490 000 теңгеге дейін) Chevrolet Cobalt моделінің 1001 данасы сатылған (ақпанмен салыстырғанда +16 пайыз), осылайша елдегі модельдер рейтингінде көш бастады, екінші орынды Chevrolet Nexia (3 990 000-нан 4 890 000 теңгеге дейін) иеленді - өткен айда 873 данасы сатылған (ақпанмен салыстырғанда +9 пайыз).

Chevrolet автобренді орташа баға санатында да қазақстандықтардың сеніміне кіре алды. Наурызда Chevrolet Tracker кроссоверінің (құны 7 790 000 теңгеден басталады) сатылымы айтарлықтай өскен: ақпанмен салыстырғанда +52 пайыз.

Наурыздағы сатылым туралы ҚАБҚ есебі қазақстандықтар Chevrolet автобрендінің басқа модельдеріне да қызығатынын көрсетеді: Chevrolet Trailblazer жол талғамайтын көлігіне сұраныс артқан, ал Chevrolet Malibu бизнес седаны тұрақты сатылып жатыр, бұған қазақстандықтардың қуатты әрі үнемді турбоқозғалтқыштарға қызығушылығы артқаны себеп.

Еске салайық, пандемия мен шектеулерге қарамастан, Қостанай зауытында Chevrolet автомобильдерінің өндірісі 2020 жылдың наурызында басталған, ал 6 айдан кейін автобренд Қазақстанның автонарығында сатылым бойынша жетекші орынға ие болған. Chevrolet сатыла бастағаннан бері 18 738 данасы қолданысқа өткен: Қазақстанда 15 460 автокөлік сатылды, 3278 данасы Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспортталды.

Наурызда Chevrolet автокөліктері нарықта бірнеше рекорд орнатты:

  1. Chevrolet Cobalt пен Chevrolet Nexia модельдер рейтингінде көш бастады.
  2. Chevrolet Cobalt ең көп сатылатын модельдер рейтингінде бірнеше айдан бері бірінші орында тұр.
  3. Chevrolet Nexia моделі қазақстандық өндірістегі жаңа автокөліктер арасында ең қолжетімді бағаны орнатты.

Наурызда автонарық көрсеткіштері Chevrolet-нің нарықтағы берік орнын дәлелдейді. Компания дилерлік желісін ай сайын кеңейтіп жатыр. Қазірдің өзінде Қазақстанның барлық ірі қаласында дилерлік орталықтары бар. Автокөліктерге кепілдік және кепіл мерзімінен кейінгі қызмет көрсету бойынша сервистік база қалыптасты. Автокөлік дилерлік желіге жіберілмес бұрын, ол өндірістің барлық кезеңінде қарастырылған сапаны қатаң бақылаудан өтеді.

Автобрендтің нарықта премиум-сегменті де бар: Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлігі мен Chevrolet Traverse кроссовері. Chevrolet Tracker кроссовері қайталама нарықта өтімділігін сақтайды, бір жылға дейін қолданған соң 10 пайыздай бағасын ғана жоғалтады.

Еске салайық, қазақстандықтар Chevrolet автокөліктерін эксклюзив бағдарлама бойынша 2 жылға бөліп төлеу арқылы сатып ала алады, бағдарлама бойынша несие сомасы 7-ден 30 миллионға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная