17 маусым 2019 | 12:54

Электрмобиль иелеріне жаңа талап қойылды

© Фишки.нет

1 шілдеден бастап Еуропа одағында электр көліктерінің қозғалысы кезінде дыбыс шығаруға міндеттелген заң өз күшіне енеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 шілдеден бастап Еуропа одағында электр көліктерінің қозғалысы кезінде дыбыс шығаруға міндеттелген заң өз күшіне енеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл заң велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Бүгінде электрмобильдер сағатына 20 шақырым жылдамдыққа дейін жанармай жағатын қозғалтқышы жоқ болғандықтан дыбыссыз қозғалады.

Реклама
Реклама

Ұлыбританияның көзі зағиптарға көмек беретін ұйымының айтуынша, жаяу жүргіншілерді кәдімгі көліктерге қарағанда электркөліктер жиі қағып кетеді екен.

Енді Еуропа одағында сатылатын электрмобильдерге арнайы ескертетін құрылғылар орнатылады. Оларға орнатылатын құрылғының дыбысы жылдамдыққа байланысты болады, яғни, жылдамдық жоғарылаған сайын дыбыс та күшейе түседі. Дыбыстың күштілігі 56 децибел болатыны болжанған.

Электрмобильдер болашақта жанармаймен қозғалатын темір тұлпарлар сияқты дыбыс шығармайды. Кейбір өндірушілер ғарыш кемелерінің дауысына ұқсас дыбыс шығаруды ұсынған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная