12 ақпан 2020 10:12

Елордада тағы екі көшеде бір жақты қозғалыс енгізіледі

© astana.gov.kz/kz

15 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанның Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде бір жақты қозғалысты енгізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанның Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде бір жақты қозғалысты енгізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15 ақпаннан бастап қаладағы көлік құралдарының қозғалысын оңтайландыру мақсатында Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде бір жақты қозғалысты енгізу жоспарланған

Реклама
Реклама

"Елорда әкімдігіне тұрғындар тарапынан аталмыш көшелердегі қиын қозғалыс туралы көптеген өтініштер келіп түсті. Нәтижесінде, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешімді қабылдады. Көлік қозғалысын сағат тілімен ұйымдастыру жоспарланған, атап айтқанда бір жақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады. Енгізілетін өзгерістерге байланысты құзыретті органдар жүргізушілерден жол ережесін сақтап, сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген хабарламада. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram