16 қараша 2022 17:53

ИИДМ автокөліктерге қойылатын талаптар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) көліктерге қойылатын талаптар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) көліктерге қойылатын талаптар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 22 қазандағы №843 қаулысының, атап айтқанда, "ҚР аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" нормалар қате таралған. Бұл қаулы ЕАЭО елдері қол қойған "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылдың 5 сәуірдегі №45 шешімін іске асыру мақсатында қабылданған.

"Үкіметтің 2023 жылдың 1 ақпанына дейінгі заңды күші бар қаулысы өндірушілерге ABS, ESP, сондай-ақ қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталмаған және экологиялық санаты төмендетілген автокөліктерді шығаруға тікелей құқық бермейді.

Тиісті жүйелермен жабдықталмаған автомобильдерді шығаруға рұқсат алу үшін өндіруші белгілі бір компоненттерді орнатпауына қарамастан көлік модельдерін жеке сертификаттаудан өткізіп, оның қауіпсіз болуы міндетті. Бұл шарт ЕЭК Кеңесінің шешімдерінде қарастырылған. Демек, қазір Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін бірде-бір көлік моделі шығарыла алмайды. Сондықтан, өндірушілер "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін толық сақтап келеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі медиа-кеңістікте тексерілмеген дәйексіз ақпаратты таратуға сақ болуға шақырды. Себебі оған заң жүзінде тиісті жауапкершіліктің бар екенін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram