Илон Маск Қазақстанда Tesla көліктеріне қуаттау станцияларын салуға уәде берді

Дина Муратова Редактор
Илон Маск Қазақстанда Tesla көліктеріне қуаттау станцияларын салуға уәде берді © Фото: REUTERS

Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда электрмобильдерді қуаттауға арналған Supercharger станцияларын салуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда электрмобильдерді қуаттауға арналған Supercharger станцияларын салуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-та жаңа Tesla Model Y электрмобилінің тұсаукесері өтті. Көлікті таныстыру барысында компания басшысы ғаламдық Supercharger қуаттау станцияларын жасау жоспарда бар екенін айтты. Маск көрермендерден құрылғыны қай елдерде орнату керектігін сұрады. Соған орай залда ол шараға шамамен қазақстандықтар қатысқан болуы керек, олар Қазақстанда орнатуды сұраған. 

Илон Маск болса "Бізді Қазақстанда өте жақсы қолдайды, сондықтан Supercharger-ды саламыз" деді. 

Жарнама
Жарнама

Жаңа көліктің тұсаукесерінде болған қазақстандықтар видеоларды жариялады.

Жаңа көлікті панорамалық шатырмен жабдықтайды.

Айта кетейік, Tesla Model Y келесі нұсқаларда шығады: Standard Range, Long Range, Dual Motor AWD және Performance. Олардың электр қоры жиынтығына қарай 320-дан 450 шақырымға дейін жетеді. АҚШ-та көліктің бағасы 39 мың доллардан басталады. Электрокар 3,5 секундта сағатына 100 шақырым жылдамдықпен үдейді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама