Илон Маск Tesla компаниясының құпия жобасын таныстырды

Илон Маск Tesla компаниясының құпия жобасын таныстырды Илон Маск. © brodude.ru

Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск жаңа құпиялы жобаны таныстырды, - деп хабарлайды РБК.

"Teslа жоспарының екінші бөлігі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жобаны осы аптада таныстыруды жоспарлап отырмын", - деп жазды Маск өзінің Twitter парақшасында. Алайда, жобаның басқа мән-жайы әзірше белгісіз.

Басылымның мәліметінше, бұл хабарлама оның 2006 жылдың тамыз айында блогта жариялаған жазбасына ұқсас екен. Онда Илон Маск "Tesla Motors құпия жобасы (тек өз арамызда)"  жарияланымында электрмобильдерді шығаруы мүмкін екенін айтқан болатын. Айта кетейік, соңғы 10 жылда спорттық Tesla Roadster, жанұяға арналған бес есікті Tesla Model S автокөлігі, Tesla Model X кроссовері мен спорттық Tesla Model 3 седаны таныстырылған болатын.

Реклама
Реклама



Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама