ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2021 | 09:24
Жаңа Chevrolet Tracker кроссоверінің сатылымы басталды
Chevrolet Tracker - Қазақстандағы атақты ықшам кроссовер сегментінің өкілі. Заманауи және тиімді жол талғамайтын көліктердің үрдісі әлі өсіп жатыр және көптеген жыл бойы сұранысқа ие болады. Қазіргі буындағы кроссовер тұтынушылар талап ететін қасиеттерді біріктіруі керек: стильді дизайн, қауіпсіздік, жайлылық, тиімділік пен үнем. Сонымен қатар, көптеген тұтынушы үшін көлікті пайдалану шекарасын кеңейтіп, клиренс пен әмбебаптық қасиет те маңызды саналады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Chevrolet Tracker - Қазақстандағы атақты ықшам кроссовер сегментінің өкілі. Заманауи және тиімді жол талғамайтын көліктердің үрдісі әлі өсіп жатыр және көптеген жыл бойы сұранысқа ие болады. Қазіргі буындағы кроссовер тұтынушылар талап ететін қасиеттерді біріктіруі керек: стильді дизайн, қауіпсіздік, жайлылық, тиімділік пен үнем. Сонымен қатар, көптеген тұтынушы үшін көлікті пайдалану шекарасын кеңейтіп, клиренс пен әмбебаптық қасиет те маңызды саналады.
Бұл жолы ең танымал Chevrolet кроссоверлерінің жаңа буыны қандай екенін айтамыз.
Стильді дизайн
Жаңа Chevrolet Tracker дизайндағы "томпақтығынан" құтылып, алдыңғы нұсқасымен айтарлықтай шамалас болып, кей тұста агрессив түр қосты. Автокөлікке жіңішке бас оптикасы, екіқабатты радиатор торы және L тәрізді жарықдиодты күндізгі жарық шамдары қойылған бампер салынды. Олар ойластырылған стилистикалық шешім ғана емес, сонымен қатар жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Тиімділік пен үнем
Жаңа Chevrolet Tracker шанағы ықшам модельдерге арналған жаһандық GEM платформасында салынған.
Кроссовер ұзындығы 4 270 миллиметрге жетеді, ені - 1 791, биіктігі - 1 627. Модельдің дөңгелек базасы 2 570 миллиметрге дейін артты (алдыңғы модельмен салыстырғанда +15 миллиметр). Сөре астындағы жүксалғыш бөлігінің көлемі енді 390 литрге жетеді (алдыңғы модельмен салыстырғанда +34).
Жаңа Chevrolet Tracker көлігінің жанармай үнемділігі турбоүрлемелі ECOTEC үш цилиндрлі қозғалтқышы арқасына қолжетімді, ол 125 аттың күшін береді, айналма сәті - 180 Н*м, аралас циклде 100 шақырымға 5,5 литр тұтынады.
Үнем көрсеткіштеріне "старт-стоп" жүйесі әсер етеді, ол отынды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ зиян қалдықтар мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Қозғалтқыш 6 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.
Қауіпсіздік
Chevrolet Tracker алдыңғы қауіпсіздік жастықшаларымен, алдыңғы қатарда бүйірдегі қауіпсіздік жастықшаларымен және перде түріндегі қауіпсіздік жастықшаларымен, артқы көрініс камерасымен, дөңгелек қысымын бақылау жүйесімен, тұрақтандыру жүйесімен (немесе ESP), құлыпқа қарсы тежеу жүйесімен (ABS), тауға шыққанда көмекші жүйемен, артқы парктрониктермен, сонымен қатар балалар орындықтарына арналған ISOFIX бекітпелермен жабдықталған.
ESP жүйесі көліктің жанама динамикасын бақылайды және жүргізушіге қиын жағдайларда көмектеседі - көліктің сырғып кетуіне және бүйірге тайғанауына жол бермейді.
Тауға шығарда көмектесу жүйесі (HSA) тайғақ көлбеуге шыққанда және артқа қарай жүру кезінде дөңгелектердің батып қалуына жол бермейді, әсіресе егер көліктің жылдамдығы тым төмен болса және шанақтың салмағынан көлік төмен сырғып бара жатса. Бұл жүргізушінің көлікті басқаруын жеңілдетеді.
Жайлылық
Жаңа Chevrolet Tracker кроссовері - бұл модельдің интерьерін, технологиялық ерекшеліктері мен медиамүмкіндіктерін толығымен қайта қарау. Басқару панелінің түрлі-түсті экраны, Chevrolet MyLink 8 дюймдік сенсорлы дисплейі, алты динамикалы дыбыс жүйесі, көпфункциялы рөл, кондиционер, қозғалтқышты кілтсіз қосу, электрреттеуіш және артқы көрініс айнасын жылыту, алдыңғы және артқы электр терезе-көтергіштер - бұл тізім толық емес, ықшам кроссовер иесін одан да көп нәрсе күтеді.
Сенсорлық экранды ыңғайлы басқару мен смартфонмен жылдам синхрондаудың арқасында жүргізуші Apple Carplay немесе Andriod Auto қызметтері арқылы жеке контентіне қол жеткізе алады.
Жаңа Chevrolet Tracker көлігінің салонына панорамалық люк ерекшелік сыйлайды, ол салонға жарық беріп, кеңдік сезімін қосады.
Көптеген жыл бойы аңызға айналған Chevrolet бренді автокөліктерге технологиялық қоспа, дизайн мен күш-қуат енгізуде алдыңғы қатарда болды. Қазақстандағы Chevrolet модельдер қатары үнемі толып отырады және аңызға айналған бренд ұсынатын әр сегментте қолжетімді баға саясаты бар.
Жаңа Chevrolet Tracker қазір бүкіл Қазақстандағы Chevrolet дилерлерінде бар. Chevrolet Tracker қазақстандық тұтынушыларға LT және LT Redline жинағында ұсынылады.
Бағасы 8 590 000 теңгеден басталады.
Сондай-ақ, несие немесе бөліп төлеу мүмкіндігі бар арнайы ұсыныс бойынша сатып алу арқылы автокөліктің иесі бола аласыз. Көліктер туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқуға болады.
Серіктестік материал
Показать комментарии
Читайте также