Жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге бөлінеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге бөлінеді Фото:elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эконом класындағы отандық автомобильдерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталады", - деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елорданы өңірлермен байланыстыратын тасжолдарды сәулелік принцип бойынша одан әрі қайта жаңғырту қарастырылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жерге, газға, суға, электр қуатына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Жарнама
Жарнама

"Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының утильалым мөлшерлемесі олардың төмендеуіне қарай өзгереді", - деді премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама