ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2021 | 14:20
Қазақстанда алғаш рет автокөлікті несиеге цифрлық түрде сатып алу іске қосылды
Енді Қазақстанда онлайн түрде автокөлік таңдауға, автонесиеге өтінім беруге, несие бойынша түпкілікті шешім алуға, қажетті құжаттарды ресімдеуге және үйге жеткізілген автокөлікті қабылдап алуға болады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Енді Қазақстанда онлайн түрде автокөлік таңдауға, автонесиеге өтінім беруге, несие бойынша түпкілікті шешім алуға, қажетті құжаттарды ресімдеуге және үйге жеткізілген автокөлікті қабылдап алуға болады.
"Allur" компаниялар тобының құрамына кіретін AllurAuto Еуразиялық банкпен бірлесіп, қазақстандық нарық үшін автомобильді несиеге толықтай қашықтан сатып алу рәсімін іске қосты. Бұл өнімнің Қазақстан мен ТМД автомобиль саласында теңдесі жоқ – клиентке автосалонға келудің қажеті жоқ, өтінім беруден бастап автомобильді тіркеуге дейінгі барлық процестер қашықтағы режимде өтеді.
Цифрлық процесс Chevrolet, KIA, Jac және Mitsubishi модельдерінің ішінен өзіңізге ұнаған автомобильді таңдап, ұялы телефон немесе ДК болсын, кез келген девайстан несие алуға өтінім беруге, несие бойынша түпкілікті шешім алуға, автокөлікті "басынан аяғына дейін" ресімдеуге мүмкіндік береді. Клиенттің несие бойынша шешімді күтетін уақыты 10 минуттан аспайды. Осыдан кейін автоорталық көлікті есепке қояды, техпаспорт шығарады, мемлекеттік нөмір алады, клиентке табыс ету үшін автокөлікті дайындайды және құжаттардың барлық түпнұсқаларымен бірге келісілген уақытта үйіңіздің алдына жеткізеді.
"Бүгінде бұл "Allur" компаниялар тобының ТМД аумағында Еуразиялық банкпен бірлесіп жүзеге асырған алғашқы өнімі. Автокөлік компаниясының жұмысында онлайн-рәсімдерді қолдану ұзақ мерзімді үрдіске айналары сөзсіз. Қазақстандықтар осы артықшылықтарды, қолайлылық пен жылдамдықты, құжаттарды бірден банкке тапсыру мүмкіндігін мүлт жібермейтініне сенімдіміз. Біз автомобильді сатып алу процесін жеңілдету үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз", - деді "Allur" КТ бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Мұхамед Алимханов.
Жобаның негізгі бөлігі Еуразиялық банктегі биометриялық сәйкестендіру технологиясы болып табылады, соның арқасында клиентке биометрия сатысынан (адамды бетіне қарап тану) өз бетінше өтіп, бірегей цифрлық қолтаңбасын енгізу жеткілікті. Бұл рәсімге клиенттердің көпшілігі 5-10 минуттан артық жұмсамайды, бұл банкке өтінім бойынша шешім қабылдау барысын тездетуге, скорингті жедел түрде жүзеге асыруға және бірнеше минут ішінде несие бойынша түпкілікті шешімді дереу беруге мүмкіндік береді.
"Биометриялық шешімдер бүгінде банктерге алға қарай қарышты қадамдар жасауға, банк операцияларының едәуір бөлігін цифрландыруға және жеделдетуге мүмкіндік береді. Онлайн несиелер өмірдің үйреншікті жағына айналып келеді. Енді қазақстандықтар автомобильдерді жаңа цифрлық форматта сатып алуға арналған онлайн несиені ресімдеудің ыңғайлы, жылдам, ең бастысы қауіпсіз тәсілінің барлық артықшылықтарын бағалай алатынына қуаныштымыз. Шын мәнінде, бірнеше батырманы бассаңыз болғаны, меншігіңізде көлік пайда болады. Қажетті құжаттарды ресімдеу, көлік құралын мемлекеттік тіркеудің барлық машақатын банк пен автосалон өз мойындарына алады. Банк өз серіктестері мен клиенттері үшін цифрлық арналарды дамытудан танбайды", - деді Еуразиялық банк төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.
Дилерлік орталықта автокөлікті тікелей көзбен көріп таңдағысы келетін, сонымен бірге қашықтан сатып алудың барлық қолайлы сәттерін пайдаланғысы келетін қазақстандықтар үшін AllurAuto дилерлік орталықтарда орналастырылатын автомобильдің әр моделіне QR кодтар әзірледі. Клиент өз смартфонының көмегімен дилерлік орталықта QR сканерлеп, жоғарыда сипатталған рәсімдерден өтіп, өтінімі мақұлдагғаннан кейін барлық құжаттарға қол қойып, үйіне орала алады. Автокөлік тіркеу рәсімдері аяқталғаннан кейін сізге бірден жеткізіледі.
"Бүгінде өнім пилоттық режимде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары үшін іске қосылып жатыр. Бұл AllurAuto жоспарлаған инновациялық өнімдер желісінің алғашқысы, болашақта компания автомобильдерді бағалау бағытында предиктивті модельдерді, блокчейн технологиясы мен NFT пайдалануды енгізуді жоспарлап отыр", - деді "Группа Компаний Аллюр" АҚ цифрландыру жөніндегі жетекшісі Алмас Төлеубай.
Айта кетейік, AllurAuto 2020 жылдан бастап автомобильдерді сату және өндіру бағытында барлық процестерді толық диджиталдаумен айналысып келеді. Компания процестерінің көпшілігі толық цифрландырылған, бұл автокөлік сатуды автоматтандыруға, нарыққа жаңа өнімдерді шығаруға және нарыққа арналған бірегей бизнес модельдерді сынауға мүмкіндік береді. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также