ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2021 | 13:38
Қазақстанда Chevrolet Equinox кроссоверінің сатылымы басталды
25 мамырда Қазақстанда жаңа Chevrolet Equinox кроссоверінің сатылымы басталды. Бұл - спорт дизайнында жасалған, қозғалтқышы қуатты, салоны заманауи, толық жетекті ықшам кроссовер. Модель Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" өндірістік нысанында шығарылады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамырда Қазақстанда жаңа Chevrolet Equinox кроссоверінің сатылымы басталды. Бұл - спорт дизайнында жасалған, қозғалтқышы қуатты, салоны заманауи, толық жетекті ықшам кроссовер. Модель Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" өндірістік нысанында шығарылады.
Қазақстанда автомобиль RS жинағында шығады, ол қуатты турбо-қозғалтқышымен, қара "хроммен" жасалған радиатор торымен, қара түсті логотипімен, айналар мен дөңгелектердің қара жиектеріндегі қызыл жолақтарымен және басқа да спорт дизайнымен ерекшеленеді.
Бүгінде бүкіл әлемде кроссоверлер трендке айналып жатыр, олар ауыр рамалы жол талғамайтын көліктердің орнын басты. Жоғары клиренс, заманауи қауіпсіздік жүйелері, басқару жеңілдігі және автомобильде отыру ыңғайлығы - бұл бұқаралық тұтынушы арасында автомобиль табысты болуы ең қажетті шарттардың бірі ғана. Chevrolet Equinox кроссовері ірі қалалардың тұрғындарына да, жолы нашар ауылдарда және спутник-қалаларда тұратын жүргізушілерге де ыңғайлы.
Chevrolet Equinox 252 аттың күші өндіретін қуатты, бірақ жанармай үнемдейтін 2.0L Turbo қозғалтқышымен жұмыс істейді. Автомобиль өнеркәсібіндегі ең маңызды технологиялық үрдістердің бірі - турбина пайдалану арқылы қозғалтқыш қуатын арттыру, сонымен бірге отын шығынын үнемдеу, осылайша атмосфераға зиян заттар шығуын азайту.
Автомобиль 0-ден сағатына 100 шақырым жылдамдыққа небары 7,8 секундта жете алады, оның ең жоғары жылдамдығы - сағатына 210 шақырым, ал жанармай шығыны аралас циклде 8,2 литрден қалада 10,7 литрге дейін жетеді. Кроссовердің толық жетегі және 9 сатылы автоматты беріліс қорабы бар.
Chevrolet Equinox көлігінде жайлылық пен қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Жүргізушіге үш кегейлі көлемді көпфункциялы руль және мультимедиялық жүйесі бар 8 дюймдік тачскрин орналасқан берік орталық консолі ұсынылған. Кроссовер мынадай опциялармен жабдықталған: алты қауіпсіздік жастығы - алдыңғы және бүйірлік, бұғаттауға қарсы тежегіш жүйесі (ABS), бағамдық тұрақтылық жүйесі (ESP), көтеру кезінде көмек көрсету жүйесі (HAC), push start, артқы көрініс камерасы, аспаптар панеліндегі түрлі-түсті 4.2-дюймдік ақпараттық дисплей, панорамалық люк, былғары салон, жылыту және айналардың электр жетегі, алдыңғы орындықтарды жылыту, екі аймақты климат-бақылау, алты динамигі және CarPlay қолдауы бар аудиожүйе, Android Auto және басқа да заманауи опциялар. Осының арқасында алыс жерлерге және түрлі жол жағдайындағы кез келген сапар барынша ыңғайлы және қауіпсіз болады.
Chevrolet Equinox сыртқы дизайны серпінді және заманауи көрінеді: фаралар "агрессив" стильде жасалған, сәнді радиатор торы және көлемді бампері, жалбыраған төбесі, бүйіріндегі бедерлі сызықтары және дөңгелектерінің үлкен доғалары, артқы жағындағы талғампаз фаралары, үлкен жүксалғыш есігі және екі трапеция тәрізді құбыр жүйесі бар мәнерлі силуэт. Chevrolet Equinox көлігінің ұзындығы - 4 652 мм, ені - 1 843 мм, биіктігі - 1 693 мм. Автомобильдің дөңгелек базасы - 2 725 мм.
Автокөліктің салоны бес орындық композициямен ұсынылған, барлық жолаушыға бос кеңістік бар. Жүргізушінің және алдыңғы жолаушының орындығы ожауға ұқсас формада, жұмсақ бүйірлік профильмен жасалған, реттеу мен жылытудың үлкен жиынтығы бар, ал артына үш адамға арналған толыққанды диван қойылған.
Chevrolet Equinox кроссоверінің тұрақты, тікбұрышты пішінімен және көлемді саңылауымен ерекшеленетін үлкен жүксалғышы бар, оған стандарт түрінде 670 литрге дейін жүк салуға болады. Артқы қатар 60:40 қатынасында бүктеледі, соның арқасында жүксалғыш көлемі 1627 литрге дейін артады.
Автокөлікте заманауи дизайн шешімдері жақсы үйлескен, эргономика және технологиялық салма жақсы ойластырылған, сондай-ақ көлікті әрлеуге арналған материалдар өте сапалы. Қазақстанда Chevrolet Equinox ақ, сұр және қара түсте сатылады, бағасы - 13 490 000 теңге.
Chevrolet Equinox Қазақстандағы Chevrolet дилерлік орталықтарында бар. Автокөліктің сипаттамасы, жинағы және сатып алу шарттары туралы толығырақ www.chevrolet-auto.kz сайтынан білуге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Серіктестік материал
Показать комментарии
Читайте также