Қазақстанда чипі бар техпаспорттар 1 желтоқсаннан бастап беріледі
ҚР ІІМ көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәліктерді беру мерзімін ауыстырды, олар биылдан бастап берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" порталына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәліктерді беру мерзімін ауыстырды, олар биылдан бастап берілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" порталына сілтеме жасап.
Жаңа құжат 2018 жылдың 1 желтоқсанынан біртіндеп беріле бастайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығында жазылған, ол 5 қарашада жарияланды. Құжатқа сәйкес, бұйрық шыққанға дейін берілген көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көлік құралы қайта тіркелгенге дейін жарамды болып есептеледі.
Иллюстрация © Kolesa.kz
Техпаспорттар қорғаныштың ультракүлгін элементтерімен және электронды микросхемамен жабдықталады, оған автокөлік тіркеуінің барлық мәліметтері жазылады. Атап айтқанда:
1. мемлекеттік тіркеудің номерлік белгісі;
2. куәліктің сериясы және тіркеу номері;
3. куәліктің берілген күні;
4. марка, модель;
5. көліктің шыққан жылы;
6. көліктің категориясы;
7. есептен шығарылғаны туралы белгі (бұрынғыдай кесілмейді, тескішпен тесіледі - Kolesa.kz);
8. идентификациялық номер (VIN);
9. жүктемесіз салмағы;
10. қозғалтқыш көлемі;
11. рұқсат етілген масса;
12. көліктің түсі;
13. көліктің иесі;
14. көлік иесінің тұрғылықты мекенжайы;
15. ерекше белгілер;
16. бірінші тіркелген күн;
17. көлікті қайта жабдықтау туралы мәлімет;
18. өзге мәліметтер.
Бұған дейін полицейлер чипі бар техпаспорттардың 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетінін айтқан.