26 желтоқсан 2022 | 10:14

Қазақстанда электрмобильдерге тегін автотұрақтар бөлінбек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстанда электрмобиль иелеріне ақылы автотұрақтардан тегін орындар берілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда электрмобиль иелеріне ақылы автотұрақтардан тегін орындар берілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министрдің міндетін атқарушы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәлі Мұқатаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

Үкімет Астана мен Алматы қалаларының экологиялық мәселелерін кешенді шешудің жол картасын әзірлеп, бекіткені хабарланды. Онда электрмобильдерге көшуді ынталандыру шеңберінде келесі шаралар көзделген:

Реклама
Реклама
  • газ-моторлы отынмен және электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін қалалық қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне қарай дизель отынымен жүретін автокөлік құралдарын сатып алуды кезең-кезеңмен шектеу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана әкімдіктері);
  • электрмобильдерге инфрақұрылымды дамыту және ынталандыру іс-шаралары (жауапты орындаушы - Алматы әкімдігі);
  • "электрмобильдер тұрағы" арнайы белгісін әзірлеу және электромобильдер үшін тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда тегін орындар бөлу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана әкімдіктері).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная