16 қараша 2022 09:37

Қазақстанда Skoda зауыты ашылуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Skoda Transportation компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дидье Пфлегермен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Skoda Transportation компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дидье Пфлегермен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар республикада теміржол және қалалық қоғамдық көлік шығару, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады.

Премьер-министр инвесторлар үшін түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылғанын ескере отырып, компанияның елімізде нақты жобаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді. Осы орайда ол локализациясы жоғары және толық циклді өндіріс ашу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Үкіметі машина жасау саласына ерекше көңіл бөледі, сондықтан біз шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға қазақстандық машина жасау кәсіпорындарын тартуға болады деп санаймыз", - деді Әлихан Смайылов.

Ол Skoda Transportation компаниясымен өзара тиімді ықпалдастықты пысықтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

Өз кезегінде Дидье Пфлегер компания жаңа нарықтарды бағындыруға дайын екенін, сондықтан өз өндірістерін орналастыру және дамыту үшін Қазақстанды перспективті серіктес ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді жобаларды әзірлеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыру жөнінде келісті.

Чехиялық Skoda Transportation машина жасау компаниясы – әртүрлі көлік түрлерін, оның ішінде метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары, электр пойыздары мен электр автобустарын шығаратын жетекші еуропалық өндірушілердің бірі. Кәсіпорын Skoda Holding-тің құрамына кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram