07 қараша 2017 | 15:46

Қазақстандық инженерлер жанармайды үнемдейтін құрылғы ойлап тапты

Қазақстандық инженерлер жанармайды үнемдейтін құрылғы ойлап тапты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық инженерлер жанармайды үнемдейтін құрылғы ойлап тапты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Отандық өнімдердің елімізде өндірілуі және қолданылуы - ел үшін зор жетістік. Өз елімізде өндірілген өнімдерді шет елге таныстыру және импорттау мемлекеттің келешегі кемел болуының кепіл. Қазақ қоғамындағы тағы бір қос есіммен таныс болыңыздар: Шоқан Файзоллаұлы және Тимур Тлеухан. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық қос инженер "Sh.U.T.T.box" инновациялық өнімін ойлап тапты. Бұл өнім ауыспалы бағытты импульсті қуат көзі негізінде жасалған. Бұл құрылғы арқылы ел азаматтары дағдарысқа қарсы тұруға мүмкіндік алады.

Sh.U.T.T.box - қазақстандық үлгідегі әлемдегі жалғыз өнім. Себебі өнімді құрастырушы Шоқан Файзоллаұлы мен Тимур Тлеухан көлікке арналған құрылғыны өздері ойлап тапқан. Шоқан Файзоллаұлының мамандығы – математик. Ал Тимур Тлеухан - композитор.

Шоқан Файзоллаұлы көлігінен ақау шыға бергенінен және жанармайды көп жейтіндігінен қажып кеткен. Оның алдын алуға түрлі әдіс-тәсіл жасап көруге тырысқан. Нәтижесі болмаған соң Тимур Тілеуханға жолығып, ол азаматтың жасыл энергия туралы жобасын көріп, екеуі бірігіп Sh.U.T.T.box құрылғысын жасап шықты. Тимур Тілеухан музыка саласында жүріп физиканы меңгеруге қызыққан. Үш-ақ апта ішінде түрлі тәжірибелер мен кітаптар арқылы білімін толықтырған отандасымыз зор жетістікке жетіп отыр.

Идея авторларына шабыт берген Никола Тесла мен Джон Бединидің ғылымда ашқан инновациялық жаңалықтары. Шет ел ғалымдарын үлгі тұта отырып, өздерінің ақыл-жігерлерімен ойлап тапқан құрылғы туралы не білу керек?

Sh.U.T.T.box бұл қандай құрылғы?

Sh.U.T.T. labs & technologies - 2015 жылы Алматы қаласында іргесін қалаған топ.

Құрылғының қолданыстағы екі түрі бар: 8 М және 7 S+

12 ай бойына түрлі сынақтан өткен өнімнің 3 ерекшелігі бар:

- Жанармайды 10-20 пайызүнемдейсіз. 100 километрге 10 л бензин жұмсайтын болсаңыз, Sh.U.T.T.box құрылғысын орнату арқылы оны 8 литрге дейін азайта аласыз;

- Көлікке күш береді. Көлік жылдам әрі жеңіл жүру үшін үдету тепкісін қаттырақ басуға тура келеді. Ал Sh.U.T.T.box құрылғысын пайдалансаңыз, бұл қиындықтан құтыласыз. Себебі құрылғы көлікке қосымша күш береді.

- Экологиялық әсері бар. Құрылғы көлікке орнатылған күннен бастап, көліктен түтін шығу мәселесі 3-20% дейін азаяды.

Бұл үш қасиеттен бөлек құрылғы түрлі қызметтерді атқарады: 

- үдетуші тепкінің сезімталдығын арттырып, босаңдығын жояды; 
- беріліс қорабы біркелкі істеп, беріліс ауысу белсенді бола түседі; 
- үдеу динамикасы артады; 
- қозғалтқыш үні азаяды; 
- инерциалы жүріс ұзарады;
- қозғалтқыш көлік орнынан қозғалмағандағы айналыс жиілігі азаяды; 
- қозғалтқыштың зиянды қалдықтары (СО және НС) кемиді; 
- қозғалтқышты жылыту уақыты қысқарады; 
- цилиндрлер тазарады;


Құрылғы көлікке орнатылғанға дейінгі көрсеткіш

Қазірдің өзінде құрылғының 40-тан астам данасы республикамызда қолданысқа енді. Сонымен қатар 15 данасы шет елге жеткізілді. Өнімнің кепілдік мерзімі - 3 жыл. Ал құрылғының өзін сынақтан өткізіп жатқан құрастырушылардың айтуынша, екі жылдан астам уақыт ішінде әлі бірде-бір рет сыр беріп көрмеген.


Құрылғы орнатылғаннан кейінгі көрсеткіш

Біз идея авторлары және өндіруші тараппен келісіп, келесі ақпаратты өнімнің құрлысы мен қалай орнату керектігі турасында беруді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек елімізде Sh.U.T.T.box құрылғысын пайдаланып, нәтижесін көріп жүрген тұтынушылармен сұқбат жасап, олардың құрылғыға берген бағаларын ұсынамыз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная