ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2019 | 11:25
Кім болса соны жұмысқа алады - Сағынтаев автобус жүргізушілері жайлы
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында біліксіз жүргізушілер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында біліксіз жүргізушілер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қаладағы автобус жүргізушілері - нағыз мәселе туындатып отыр. Тәжірибелі жүргізушілер жоқтың қасы. Кім болса соны алады. Кейбір жүргізушлер сол парктерде түнейді, сосын жүріс кезінде ұйықтап отырады, осының барлығы жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіреді", - деді әкім.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесі шешілетінін айтты.
"Биыл Қытайдан тағы 200 автобус күтіп отырмыз. Автобустардың ара-қашықтығы 10-15 минутқа дейін қысқаруы тиіс. Сонда біз қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесін шешеміз", - деді ол.
Сондай-ақ, қала басшысы троллейбус парктерін де жаңартатынын айтты.
Показать комментарии
Читайте также